"Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 346 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 қарашада № 4554 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 345 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 12.08.2016 № 345 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 1 қазандағы
№ 346 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің жойылуға жататын қаулыларының тізбесі

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 135 "Ақтөбе облыстық қаржы департаменті" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" қаулысының 2-тармағы;
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 82 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 135 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы;
      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 29 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 135 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы;
      4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 202 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 135 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы;
      5. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 05 қаңтардағы № 1 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 135 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы;
      6. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 497 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 135 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы;
      7. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 137 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 135 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы;
      8. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 478 "Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 135 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 1 қазандағы
№ 346 қаулысымен бекітілді

"Ақтөбе облысының қаржы басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
      "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекет қаржысын басқару саласында бағдарлама әкімшісі, жергілікті бюджеттерді орындау, сондай-ақ коммуналдық меншік объектілерін басқару, иемдену және бидік ету мәселелері саласында басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
      3. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазакстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекетік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртанбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      5. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      1) тіке және түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету және облыстың коммуналдық меншігін тиімді басқару;
      2) бюджеттік қаржыларды басқарудың тиімді қызмет ететін жүйесі. Облыстық коммуналдық меншік активтері есебінің толық, сенімді ақпараттық базасын құру.
      15. Міндеттері:
      1) облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      2) бюджеттік қаржыларды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      3) бюджеттік қаржыларды пайдалану тиімділігінің мониторингі, орындалуы бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
      4) жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау;
      5) облыс бюджетінің басымдылықтарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;
      6) коммуналдық меншік объектілерін басқару, иемдену және билік ету мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      7) мемлекеттік коммуналдық меншік объектілеріне қатысты мемлекеттік саясатты әзірлеуге, іске асыруға және жүзеге асыруға қатысу;
      8) мемлекеттік қызмет жүйесінде тиімді кадр саясатын және адами капиталды басқаруды жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) өз құзыры шегінде облыстық бюджеттерді құру және орындау, облыс бюджетінің орындалуы бойынша атқарушы органдар қызметінің үйлестіру, бюджеттердің басқа да деңгейлерімен өзара қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      2) түсімдердің және жергілікті бюджетті қаржыландырудың жинақты жоспарын қалыптастырады және бекітеді, түсімдердің және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан мемлекеттік мекемелердің алған, олардың өкімдігінде қалған ақшаларды шығындаудың жинақты жоспарын (түсіндірме жазбамен және ББК әрбір ерекшілігі бойынша түсімдер мен шығындардың әрбір түрі бойынша негізді есептіліктерімен) уақытылы келісу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
      3) облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақшалардың қозғалысы мониторингін жүргізеді;
      4) облыс аймағын дамыту бағдарламасын жасауға қатысады;
      5) облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша қарыз алуды іске асыруға, займ шарттарын, бағалы қағаздарды шығару және оларды орналастыру шарттарын анықтауға, займ шарттарын тіркеуді және жергілікті бағалы қағаздардың эмиссиясын жүргізуге;
      6) жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы мен борышы мониторингін, жергілікті бюджеттер қаржыларының пайдаланылуына және кірістердің түсуіне, жергілікті атқарушы органдар резервін талдауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      7) жоғары тұрған органға, тиісті жергілікті атқарушы органға белгіленген тәртіппен бюджеттің атқарылуы туралы, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымды трансферттерді, нысаналы даму трансферттерін және кредиттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қимасында кредиторлық және дебиторлық бережақтар бойынша ақпаратты және түсіндірме жазбаларды береді, прокуратура органдарына облыстық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттік мекемелердің жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздары туралы мәлімет береді;
      8) мемлекеттік қаржыларды басқару мәселелері бойынша және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы ұсыныстарды облыс әкімдігі мәжілісінің қарауына және мәслихат сессиясында бекітуге енгізеді;
      9) жоспарлы салықтық төлемдер толық түспей қалған жағдайда Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес бюджеттік бағдарламаларды секвестрлеу жұмыстарын ұйымдастырады;
      10) облыс әкімдігінің секвестрді жүргізу туралы қаулысының негізінде белгіленген тәртіппен облыстық бюджетке түзету жасауды жүзеге асырады;
      11) жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп әзірлейді;
      12) бюджеттік ақшаларды басқарады;
      13) бюджетке түсімдердің күтіліп отырған көлемдерін және жоспарлы кезеңге шығындардың орындлауы, қолма-қол ақшаның профицитін (дефицитін) және оны жабу көздерін анықтау процессі болып табылатын, қолма-қол ақша ағындарының болжамын жасайды;
      14) ҚР Ұлттық банкіндегі салымдарға (депозиттерге) уақытша бос бюджеттік ақшаларды орналастыру бойынша процедуралардың көлемін анықтайды және жүзеге асырады;
      15) Қаржы басқармасы әкімшілік етілетін, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің кодтары бойынша ай сайынғы есепті жүзеге асырады;
      16) Қаржы басқармасы әкімшілік етілетін, бюджетке түсімдер классификациясының кодтары бойынша бюджетке түсімдердің артық (қатемен) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруды және (немесе) есептеуді қамтамасыз етеді;
      17) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне және облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына облыс бюджетінің орындалуы туралы талдамалы есепті беруді қамтамасыз етеді;
      18) даму бюджетінің және облыстың ағымды бюджетінің қаржыларын тиісті салалар (даму бюджеті) объектілерін күрделі жөндеуге, материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағыттау туралы ақпаратты жинауды және кейіннен жоғары тұрған органдарға беруді жүзеге асырады;
      19) бюджеттік қаржыларды басқару жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау, даму бюджетінің атқарылуы кезінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды бағалау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      20) бюджеттік қаржыларды басқару жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің жалпы мониторингін және тиімділігін бағалауды жүргізеді;
      21) Қаржы басқармасының үш жылдық кезеңге бюджеттік бағдарламаларын, бюджеттік бағдарламалардың құрамына кіргізілген, әрбір бағдарлама бойынша шығыстар түрлеріне бюджеттік өтінім әзірлейді және жасайды;
      22) Қаржы басқармасының бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуына мониторинг және бағалау жүргізеді;
      23) тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қолдаухатын беру шамасында мемлекеттік мекемелердің корпоративтік төлем карточкасын қолданумен, демеушілік, қайырымдылық көмектен, депозиттік шоттан түсімдер бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін жазбаша рұқсат беруді жүзеге асырады;
      24) республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген, ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған), сондай-ақ нысаналы мақсатқа пайдаланылмаған нысаналы трансферттер сомаларын белгіленген мерзімде қайтаруды қамтамасыз етеді;
      25) аймақтық қазынашылық органымен берілген 1-27 қазынашылық формасымен бюджеттің орындалуы туралы есептің көрсеткіштерін салыстыруды жүргізеді, айырмашылық болу себептерін анықтау үшін түсімдер сомаларын, бюджеттік қаржылардың шығыстары мен қалдықтарын салыстыру актісін жасайды;
      26) бухгалтерлік және бюджеттік есепті, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептілікті жүзеге асырады;
      27) облыс әкімдігінің атынан инвестициялық бағдарламаларға несиелер беруге, сонымен қатар төменгі тұрған жергілікті бюджеттерді несиелендіруді іске асыруға;
      28) жалға, сенімгерлік басқаруға беру, баланстан балансқа беру, есептен шығару, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне пайдаланылмайтын жайларды беру, коммуналдық кәсіпорындар мүлкін иеліктен шығару және заңды, жеке тұлғаларға пайдалануға беру процедураларын заңнамаларға сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады, осы рәсімдерге байланысты өзге де іс-шаралар жүргізеді, келісім шарттар жасайды, коммуналдық меншік объектілерін, соның ішінде акциялардың мемлекеттік пакеті мен шаруашылық серіктестіктерінің қатысу үлестерін сату немесе сенімгерлік басқаруға беру кезінде екеуаралық міндеттердің шарттары мен мәнін анықтау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      29) коммуналдық меншік және облыс аумағында мүліктік құқықты қорғау мәселелері жөнінде облыс әкімінің (әкімдігінің) мүддесін білдіреді, соның ішінде сотта талапкер және жауапкер болады;
      30) шаруашылық серіктестіктерінің мемлекеттік үлестерін, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін басқарады, олардың басқару органдарында мемлекет мүддесін көздейді;
      31) коммуналдық меншік объектілерін мақсатты және тиімді пайдалану есебін, мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерінің тізілімін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
      32) коммуналдық мүлікті мүліктік жалға беретін жалдау ақысы ставкасын әзірлейді;
      33) мемлекеттік, немесе мемлекеттің қатысы бар заңды тұлғаларды құруға қатысу тәсілімен коммуналдық меншік объектілеріне өкімдік ету бойынша өкілеттікті, коммуналдық меншік объектілерін сатуға немесе кепілдікке беруге келісім шарттарға (шарттар, келісімдер) қол қоюды, жалдауға және сенімгерлік басқаруға беруде құқығын қалпына келтіру процедураларын жүргізуді іске асырады;
      34) қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның құзыретіне кіретін, акцияларының (үлестерінің) 100 % мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) жалғыз акционерінің (құрылтайшысының) шешімін қабылдайды;
      35) жекешелендірілетін объектілерді сату алдында дайындауды жүргізу, осы шаралар бойынша ведомстваға қарасты комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
      36) мемлекеттік кәсіпорындармен, акционерлік қоғамдармен, мемлекеттің қатысу үлесі бар жауапкершілігі серіктестіктердің қаржылық қызметі есептерінің мониторингін жүзеге асырады;
      37) "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінде, аудандық (қалалық) қаржы бөлімдерінде, сонымен қатар ведомстваға қарасты ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары:
      1) өз құзыры шегінде мемлекеттік органдардан, басқа да мекемелерден және жеке тұлғалардан ақпарат сұрауға және алуға;
      2) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және Қаржы басқармасына жүктелген және құзырына кіретін басқа да функцияларды орындау үшін, Қазынашылық органдарынан түсімдер және бюджет шығындары бойынша есепті Қаржы министрлігімен белгіленген формада және мерзімде алуға;
      3) облыс бюджетінің атқарылуы, коммуналдық меншік объектілерін тиімді пайдалану, мемлекеттің қатысы бар заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстарды әкімдіктің және облыс әкімінің қарауына енгізуге;
      4) коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру бағдарламаларын әзірлеуге, оларды жүзеге асыруда қатысуға;
      5) жекешелендірілетін объектілерді сату алдында дайындауды жүргізу үшін мемлекеттік сатып алуларды жүргізу тәсілімен тәуелсіз сарапшылар мен кеңесшілерді тартуға;
      6) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру және қалыптастыру мәселесін қарауға құқы бар.
      Міндеттері:
      1) функцияларды орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;
      2) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шаралардықабылдау;
      3) сыбайлас жемқорлықпен күрестің принциптерін сақтауды қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) өз құзыры шегінде құрылымды және бөлімдер туралы ережелерді бекітеді;
      2) өзінің орынбасарларының, бөлім басшыларының және басқа да жауапты қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      3) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді лауазымға тағайындайды және атқарып отырған қызметінен босатады;
      4) заңмен белгіленген тәртіпте қаржы басқармасының қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      5) бұйрықтар мен шешімдерге қол қояды;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да мекемелерде қаржы басқармасының өкілі болады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызметтерді іске асырады.
      "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бірінші басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады