Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 200 "Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасын құру туралы" қаулысының 2-тармағы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.К.Нұрқатоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 357 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН |
"Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. Осы "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды."Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес еңбек қатынастары жүйесін реттеуді қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
2. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімшелері және өкілдіктері жоқ.
3. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Заңдарына, Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
5. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030019, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Ақтөбе облысының әкімдігі "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
12. Осы Ереже "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
14. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес еңбек қатынастары жүйесіндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.16. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өз қызметі жүйесіндегі негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтарын, қауіпсіздік және еңбек қорғау талаптарын сақтау болып табылады.
17. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мынадай функцияларды атқарады:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
2) жұмыс берушiлер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;
3) өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiптiк аурулардың, кәсiптiк уланулардың себептерiне талдау жүргiзедi және олардың профилактикасы жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
4) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тергеп-тексередi;
5) жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
6) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
7) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасайды;
8) қызметкерлердiң, жұмыс берушiлер мен олардың өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарайды;
9) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингiн жүзеге асырады;
10) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбектi қорғау және еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi ақпараттық жүйе базасында кезеңдiк есептердi, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жай-күйi мониторингiнiң нәтижелерiн ұсынады;
12) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажеттi ақпаратты бередi.
18. Құқықтары мен міндеттері:
"Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі негізгі міндеттерді жүзеге асыру және қызметтерін қамтамасыз ету мақсатында өзінің құзыреті шеңберінде:
1) тиісті мемлекеттік билік органдарынан, меншік түріне қарамастан ведомстволық бағыныстағы аумақтарда орналасқан басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардан және жеке адамдардан "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін өз құзыреті шеңберінде анықтамалар сұрауға және алуға;
2) "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін қажетті ұсыныстарды Ақтөбе облыс әкіміне және Ақтөбе облыстық маслихаттың қарауына ұсынуға;
3) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелерін қарауға;
4) уәкілетті орган мен Ақтөбе облыс әкімі актілерінің жобасын дайындау жұмыстарына қатысуға;
5) белгіленген тәртіппен өз құзыры шеңберінде тексерулер жүргізуге және еңбек заңдылықтарын сақталуына мемлекеттік бақылаудың басқа да формаларын жүзеге асыруға;
6) "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелерді талқылау жөніндегі комиссияның және жұмысшы топтарының жұмыстарына қатысуға.
19. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) өз құзыры шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізеді;
2) өз құзыры шеңберінде еңбек заңнамаларының нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
20. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.21. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Ақтөбе облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы, сонымен қатар Ақтөбе облысы бойынша Бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып табылады.
23. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
24. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауға дербес жауап береді;
2) бөлімдердің ережелерін бекітеді, олардың қызметтері мен өкілеттіліктерін бекітеді;
3) басшының орынбасарын, бөлім басшыларын, бас және жетекші мамандарды, мемлекеттік қызметші емес жұмысшыларды тағайындайды және босатады, мадақтау және оларға жазалау шараларын қолданады;
4) "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және басқа мекемелер мен ұйымдарда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық соттарында "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін бiлдiредi;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар алады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауда жеке жауапкершілікте болады;
6) "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметшілері үшін міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады.
25. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
26. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
27. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
28. "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.