"Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 351 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 қарашада № 4560 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 32 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 21.02.2017 № 32 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының индустриялық – инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 1 қазандағы
№ 351 қаулысымен бекітілді

"Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.02.2016 № 67 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ақтөбе облысының индустриялық - инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
      2. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары және өкілдіктері жоқ.
      3. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақтөбе облысының Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесі органдарында шоттары бар.
      5. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030010 Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақтөбе облысының индустриялық - инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Ақтөбе облысының индустриялық - инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергіліктік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыстың индустриалды, оның ішінде өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, инновациялық даму саласындағы және қазақстандық қамтуды арттыру жұмыстары бойынша мемлекеттік саясатты жүргізуге жәрдем көрсету және өндіру болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) облыстағы индустриялық-инновациялық даму, инвестициялық қызмет саласын және қазақстандық қамту бағыттарын жүзеге асыруға қатысып, стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастырады;
      2) облыстағы индустриялық-инновациялық дамудың, инвестициялық қызметтің және қазақстандық қамту бойынша жұмыстар жағдайына талдау жасайды;
      3) облыстың өнеркәсіп саласындағы ғылыми техникалық және технологиялық дамуының негізгі бағыттарын, инвестициялық саясатын қалыптастыруға қатысады және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
      4) облыс аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін аймаққа тікелей инвестицияларды, отандық және шетелдік әулетті инвесторларды белсенді тартады, аймаққа инвестицияның тікелей құйылуын кеңейту үшін қолайлы инвестициялық жағдай туғызады, инвесторларға ықпал етеді;
      5) облыстың экспорттық-импорттық әлуетін тиімді пайдалануға, аймақтық тауар өндірушілердің өнімдерін шетке шығару географиясын және өткізу нарығын кеңейтуге ықпал етеді;
      6) жер қойнауын пайдаланушылар және ірі (жүйе қалыптастырушы) кәсіпорындардағы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі қазақстандық (жергілікті) қамтудың үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізеді.
      16. Функциялары:
      1) облыстың индустриялық-инновациялық даму, инвестициялық қызмет саласында және қазақстандық (жергілікті) қамтудың үлесін арттыру жұмыстары бойынша бағдарламалық құжаттарды үйлестіру, әзірлеу және орындауды жүзеге асырады;
      2) облыстың индустриялық – инвестициялық даму, инвестициялық қызмет және қазақстандық (жергілікті) қамтуды арттыру бойынша жұмыс салаларын талдау, болжау және мониторинг жүргізеді, индустриялық-инновациялық даму, инвестициялық қызметтері бойынша заңнамалық және нормативтік актілер жобасына ұсыныстар дайындауға және индустриялық-инновациялық бағдарламалар дайындауға қатысады және шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша, экспортқа бағытталған өндіріс құру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
      3) облыстың индустриялық-инновациялық даму, инвестициялық қызметтерін және қазақстандық қамтуды арттыруды жалпы стратегия бойынша жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың қызметтерін үйлестіруді құзырет шеңберінде жүзеге асырады;
      4) өнеркәсіп, қазақстандық қамтуды арттырудың салалары, инвестициялық қызметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда басылуын ұйымдастырады;
      5) өнеркәсіп, қазақстандық қамту және инвестициялық қызмет сұрақтары бойынша форумдар, көрмелер, тұсаукесерлер, кеңестер және семинарлар, "дөңгелек үстелдер" ұйымдастыруға қатысады, сонымен қатар облыста, Қазақстан Республикасында және шетелдерде өткізілу бойынша ұсыныстар енгізеді;
      6) өнеркәсіп өндірісінің тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізеді, бәсекеге қабілетті және жоғарғы технологиялық экспортқа бағытталған өндірістерді құруға ықпал етеді;       
      7) өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары бойынша өндіріс өнімдеріне мониторинг жүргізеді;
      8) басымды инвестициялық жобалардың іріктеуін, сараптамасын жүргізеді, басымды жобалық институттармен бірігіп техникалық-экономикалық негіздеме дайындайды, тиімді капитал салу үшін инвесторларға аса тиімді жобаларды іріктеуде көмек көрсетеді;
      9) инвестициялық жобалардың төлқұжаттарын рәсімдеу мен инвестицияны тартуды қажет ететін жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың тізімін жүргізеді, әр түрлі қаражат көздерінен тартылған қаржы ресурстарына мониторинг және есеп жүргізеді, қарыздық ресурстардың есебінен болған инвестициялық жобалардың жүзеге асыруына мониторинг жүргізеді;
      10) халықаралық ұйымдар мен институттардан қарыздар, гранттар алу есебінен инвестиция тарту мәселелерін анықтайды, қол жеткен келісімдердің орындалу шарттарына.мониторинг.жүргізеді;
      11) шекаралық ынтымақтастықты нығайтуға және дамуына, кеңейту мен біріктіру процесіне, облыстың шаруашылық субъектілерінің өзара тиімді байланысын орнатуға ықпал етеді;
      12) "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін облыс аумағында жұмыс жасайтын біріккен және шетелдік инвестор-компаниялармен өзара тығыз байланыста болады;
      13) ұлттық заңнамалар мен халықаралық келісім шарт ережесін сақтай отырып, өздерінің құзыреті шегінде, мемлекеттік органдар басқармаларымен, аймақтармен, әр түрлі шаруашылық субъектілерімен шарттар мен келісімдер жобаларын дайындайды;
      14) жергілікті, отандық және шетелдік тауарөндірушілер – сыртқы экономикалық қызметтерге қатынасушылардың деректер жинақтамасын жасайды және жүргізеді, біріккен кәсіпорындар құруға ықпал етеді;
      15) жер қойнауын пайдаланушылар және ірі (жүйе қалыптастырушы) кәсіпорындардың тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезіндегі қазақстандық (жергілікті) қамтудың үлесін арттыру бойынша мониторинг жүргізеді.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
      1) Заңмен, басқа да нормативтік актілермен белгіленген тәртіп бойынша облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардан және басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде қажетті материалдарды сұратып алуға және тиісінше хат жазысуға;
      2) "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша болжамдар, бағдарламалар, талдамалы шолулар дайындағанда заңда белгіленген тәртіппен сарапшыларды, басқа атқарушы органдардан мамандарды тартуға;
      3) басқа облыстардың, орталық атқару органдарының және шет елдердің тиісті құрылымдарымен жұмыс тәжірибесі мен ақпарат алмасуда іскерлік байланысты реттеу мақсатында өзара іс-қимыл жасауға;
      4) гендерлік және отбасы демографиялық саясатты іске асыруға қатысуға;
      5) акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) мемлекеттік акция пакеттерін (жарғылық капиталда қатысу үлесіне) билік ету құқығынсыз иемденуге және пайдалануға құқылы.
      "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
      1) өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға;
      2) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

3. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру

      18. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады....
      19. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ақтөбе облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) орынбасарлардың, бөлім басшылары мен басқа да жауапты қызметкерлердің өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;
      2) "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мамандарды іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, барлық органдар мен ұйымдарда "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сөйлейді;
      4) "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі еңбекке ақы төлеу қорының шегінде қызметкерлерінің кұрылымын, штаттық кестесін және бөлімдерінің Ережелерін (функционалдық міндеттерін) бекітеді;
      5) "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
      "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
      "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату, осы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады