Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 206 "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы туралы" қаулысының 2-тармағы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 355 қаулысымен бекітілді |
"Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы"
мемлекеттік органы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.2. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстың аумағында мәдениет, мұрағат ісі және құжаттама салаларында мемлекеттік басқару және қызметтерді үйлестіру функцияларын орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
3. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
4. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және мөртабандары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары және қайта ұйымдастырылған "Облыстық мәдениет басқармасы" мен "Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы" мемлекеттік мекемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады және өзіне қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттемелерін (мүлік және мүліктік емес) қабылдайды.
6. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
9. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40,.
11. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
12. Осы Ереже "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
14. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. Мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтер көрсету Ақтөбе облысының мұрағат қоры құжаттарын қолдану және есебін жүргізу, жинақтау, сақтауды қамтамасыз ету, мұрағаттық мемлекеттік қызметті ұсыну "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы болып табылады.16. Міндеттері:
1) облыс аумағында мәдениет, мұрағат ісінде және кұжат жасау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдайды;
3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдайлар жасайды;
4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
5) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз етеді;
6) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық - мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғайды және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді;
8) сақтауға қабылданған Қазақстан Республикасы ¥лттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастырады;
9) облыстық мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
10) коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғайды, оларды сақтайды мен пайдаланады;
11) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама
жүргізуді ұйымдастырады.
17. Функциялары:
1) облыстың мәдениет, театр, музыкалық өнер, мәдени демалыс қызметі, кітапхана және мұражай ісі саласында мемлекеттік ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ олардың қызметтерін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) театр, музыка және кино өнерін, мәдени демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөніндегі облыстың мемлекеттік мәдени ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету және оларды үйлестіру, мәдениет саласындағы мекемелердің қызметін қамтамасыз етеді;
3) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен келісе отырып шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастырады;
5) облыстың, рухани мәдениет және материалдық тарих ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сарапшы комиссия құрады;
7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметін мониторинг жасауды жүзеге асырады және уәкілетті органға белгіленген үлгіде ақпарат, сондай-ақ статистикалық есептер береді;
8) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
9) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
10) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
11) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;
12) мәдениет қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапаттау туралы жоғары тұрған мемлекеттік органдарға өтініш білдіреді;
13) өз құзыреті шегінде мәдениет мәселелері бойынша мәдениет ұйымдары мен азаматтардың өтініштерін, хаттарын және мәлімдемелерін қарайды;
14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ішкі бақылауды жүзеге асырады;
15) облыстың аумағында мұрағат ісін дамыту және құжаттама жүргізудің бағдарламаларын іске асырады;
16) облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қорының қүжаттары бойынша деректер қорын қалыптастырады;
17) облыстың аумағында орналасқан, ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері болып табылатын Ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасайды және бақылау жасайды;
18) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекітеді;
19) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдаланады;
20) облыстың тарихы бойынша мұрағат құжаттарын жинайды және қайтарады;
21) Қазақстан Республикасы ұлттық мұрағат қорының орталықтандырылған мемлекеттік есебін жүргізеді және оның құрамы мен мазмұны туралы ақпарат пен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланудың тәртібін айқындайды;
22) мұрағат құжаттарын аса құнды және бірегей қүжаттарға жатқызу тәртібін, сондай-ақ сақтандыру көшірмелерін жасау мен сақтаудың тәртібін айқындайды;
23) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерінің тізімдерін бекітеді;
24) Мәдениет және мұрағаттар саласында үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстарды жүзеге асырады;
25) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
26) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
27) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
18. Міндеттері мен құқықтары:
1) тарихи-мәдени мұралар, мұрағат ісі және құжаттама жүргізу нысандарын қорғау және пайдалану саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2) "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер;
3) ведомствоға бағынысты ұйымдарға қатысты тиісті саланың органы болады;
4) мұрағат ісімен іс жүргізу жөніндегі халықаралық ұйымдардың
жұмысына қатысу, сондай-ақ өз өкілеттіктері мен құзыретінің шегінде мұрағат ісі
саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуге қатысады;
5) гендерлік отбасылық - демографиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
6) өзінің құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес жүргізеді.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесін басқару басқармаға жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуын дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.20. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысын Ақтөбе облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
21. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен функциялардың жүзеге асырылуына тікелей жауапты;
2) басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қабылдауға бағытталған басшының тікелей жауапкершілігімен белгіленетін шаралар қабылдау;
3) басқарма басшысының орынбасарларының жауапкершілік деңгейін белгілейді;
4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мәдениет және мұрағат мекемелері мен ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және босатады.
"Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.Мемлекеттік органның мүлкi мемлекет берген мүлік есебінен, сондай-ақ балансында бағасы көрсетілген мүліктен қалыптастырылады.
"Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі - (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) Ақтөбе облысының қаржы басқармасы болып табылады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік органы және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1) "Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;2) "С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Кеңес Одағының батыры Алия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Ақтөбе облыстық өнер музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) "Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) "Әйтеке би аудандық "Халықтар достығы" музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) "Қарабұтақ ауылдық музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) "Байғанин аудандық музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) "Ырғыз аудандық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) "Қарғалы аудандық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) "Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) "Темір аудандық музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) "Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) "Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) "Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) "Мұғалжар аудандық тарихи - өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) "Мұғалжар ауданы ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) "Ақтөбе облыстық Планетарий" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
21) "Облыстық Халық шығармашылығы үйi" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
22) "Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
23) "Облыстық "Алақай" қуыршақ театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
24) "Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
25) "Ақтөбе облыстық тарихи - өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
26) "Руханият" Ақтөбе облыстық музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
27) "Облыстық Достық үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
28) "Әлия" патриоттық тәрбие беру орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
29) "Қобыланды" мемориалдық кешен" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
30) "Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31) "Алға ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32) "Әйтеке би ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33) "Байғанин ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34) "Ырғыз ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35) "Қарғалы ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36) "Мәртөк ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37) "Мұғалжар ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38) "Ойыл ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39) "Темір ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
40) "Хромтау ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.