"Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 353 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 қарашада № 4566 болып тіркелді. Күші жойылды -Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 396 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды -Ақтөбе облысының әкімдігінің 15.09.2016 № 396 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ереже бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Ақтөбе облыс әкімдігінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 269 "Ақтөбе облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысының 2 тармағы және Ақтөбе облыс әкімдігінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 213 "Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 269 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 1 қазандағы № 353
қаулысымен бекітілді

"Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

      1. Осы "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес әзірленді және "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
      2. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе облысы аумағындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады
      3. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері болмайды.
      4. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      5. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      6. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      7. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      8. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      9. "Ақтөбе облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      10. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: индексі 030012, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 1.
      11. "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
      12. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      13. Осы Ереже "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстың бюджетінен жүзеге асырылады.
      15. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыратын болса, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыста жастар мен жастар ұйымдарының бастамаларын қолдау, жастардың шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіншіліктерін дамыту, жастар арасында азаматтық-құқықтық, мәдени адамгершілік тәрбие беру және салауатты өмір салтының берік машықтарын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу.
      17. Міндеттері:
      1) жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
      2) әлеуметтік-экономикалық салада жастардың қажеттігіне қанағаттану деңгейін анықтау;
      3) жастарды әлеуметтік қорғауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;
      4) жастардың денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына ықпал ету.
      18. Функциялары:
      1) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша бағдарламалар әзірлейді және Ақтөбе облыстық мәслихатына бекітуге ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мемлекеттік тапсырыстарды өндеуге қатысады;
      3) техникалық және кәсіптік білім беру кәсіби оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім тапсырысы негізінде бітірген тұлғаны жұмысқа орналастыруға ықпал етеді;
      4) мемлекеттік жастар саясаты саласында білім беру мен тәрбиелеу жүйелері ұйымдарына қажетті әдістемелік және кеңес беру көмектерін көрсетеді;
      5) Ақтөбе облысының аумағында орналасқан өскелең ұрпақты азаматтық-құқықтық, адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыстарды үйлестіру және мемлекеттік жастар саясаты міндеттерінің жүзеге асу тиімділігін анықтауда, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда (қандай меншік түрі болмасын) ағымдағы кешенді мониторингті жүзеге асырады;
      6) қазақ халқының және республикада тұратын өзге де этностардың дәстүрі мен салтын, тарихын зерттеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне баулу;
      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша ақпараттық-насихаттық және түсіндіру жұмыстарын және өскелең ұрпақ арасында азаматтық – патриоттық тәрбиені ұйымдастыру;
      8) жастар арасында өтетін үдерістерді мемлекеттік реттеуге қатысу;
      9) жастар саясаты саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
      10) студенттік ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне мониторингті жүзеге асыру;
      11) ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды нығайту және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мен оны насихаттау жұмыстарына қатысу және ұсыныстар әзірлеу;
      12) республика мен қала туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру бойынша Ақтөбе облысы әкімдігінің жұмыстарына, билік органдарының қызметіне, қоғамның экономикалық, қоғамдық – саяси, білім беру және басқа да өмір сүру салаларына қатысу;
      13) қалалық бұқаралық ақапарат құралдарының жастарды азаматтық – патриоттық тәрбиелеу бойынша ақпараттық-насихаттық жұмыстарын іске асыру барысын үйлестіруді жүзеге асыру;
      14) Республикалық, облыстық және қалалық мәдени-көпшілік және қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу аясында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
      15) қоғам өмірінің ішкі саясаты мен жастар саясатының маңызды мәселелері бойынша Ақтөбе облысы әкімдігінің отырысына құжаттар дайындауға қатысу;
      16) студенттік ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктеріне ұйымдастыру, әдістемелік-кеңес беру және ақпараттық көмек көрсету;
      17) студенттік ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктері және саяси партиялар мен ұлттық-мәдени орталықтардың жастар қанаттарымен, құқық қорғау, діни және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен өзара қызметті жүзеге асыру;
      18) саяси үдерістерді демократияландыру, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған республикалық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар мен басқа да іс-шараларды өткізуге және дайындауға қатысу;
      19) өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара қызметті жүзеге асыру;
      20) жастар саясаты мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
      19. Құқықтары:
      1) құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, басқа да мекемелер мен азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпараттарды сұрауға;
      2) Басқарманың құзыретіне кіретін жас азаматтардың құқықтарын сақтау т.б. мемлекеттік жастар саясаты саласы мәселелеріне жататын мемлекеттік ұйымдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсету;
      3) жастар саясаты мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекітуге ұсыну;
      4) гендерлік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруға қатысу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      20. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесін басқаруды "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын іске асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      21. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      22. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      23. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өкілеттігі:
      1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оның қызметі үшін толық жауап береді;
      2) Басқарма қызметкерелерінің міндеттері мен жауапкершілік дәрежесін анықтайды;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды, босатады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде басқарма қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтарды шығарады және олардың орындауын бақылайды;
      5) Басқарма бөлімдерінің ережелерін бекітеді;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді;
      7) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
      8) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауапты болады.
      "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы өкілеттіктерінің орындалуы оның болмаған кезеңінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
      24. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      25. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      27. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және өзіне қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы кәсіпорындардың (ұйымдардың) тізбесі

      "Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады