Ақтөбе облысының бірқатар елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 451 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 358 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қаңтарда № 4697 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Әйтеке би, Алға және Ырғыз аудандарының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тұрақты халқының саны елу адамнан аспайтын келесі ауылдар таратылсын:
      Әйтеке би ауданы бойынша:
      Сарат ауылдық округінің Қырыққұдық ауылы,
      Комсомол ауылдық округінің Бөгеткөл және Тасқожа ауылдары;
      Алға ауданы бойынша:
      Тоқмансай ауылдық округінің Өлетті ауылы;
      Ырғыз ауданы бойынша:
      Тәуіп ауылдық округінің Қаракөл ауылы.
      2. Әйтеке би, Алға және Ырғыз аудандарының әкімдері таратылған ауылдардың тұрғындары мен аумақтарын іргелес жатқан елді мекендерге қосуға байланысты мәселелерді шешу үшін қажетті шаралар қабылдасын.
      3. "Ақтөбе облысының статистика департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне сәйкесінше өзгерістер енгізсін.
      4. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына жүргізілген өзгерістермен сәйкестендірсін.
      5. Осы әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      6. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Л. ЖАЗЫҚОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады