Благодар ауылдық округінің Ақшат ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы Благодар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 шілдеде № 4438 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы Благодар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы Благодар ауылдық округі әкімінің 05.01.2016 № 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 7 шілдедегі № 5-2/262 санды ұсынысы негізінде, Благодар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Благодар ауылдық округінің Ақшат ауылы аумағына, ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Благодар ауылдық округінің әкімі Б.Дарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады