Алға ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 188 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 4249 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 12.04.2016 № 13 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алға ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орыны болып:
      Алға қаласындағы Максим Горький атындағы аудандық саябақтың жазғы кинотеатрының алаңы анықталсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Қ. Нұрғалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Кайрушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады