"Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 199 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 226 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 қазанда № 4529 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 252 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 252 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 199 "Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4306 тіркелген, 2015 жылғы 21 cәуірде аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің тақырыбы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы";
      кіріспедегі "7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына" сөздері алынып тасталып, "18 бабы 8 тармағына" сөздерінен кейін ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына" сөздерімен толықтырылсын;
      1- тармақтың бірінші абзацы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2015 жылға келесідей әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Б. Есембаев
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Кайрушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады