"2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 75 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 188 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте № 4507 болып тіркелді. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 75 "2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4264 тіркелген, 2015 жылғы 09 сәуірде аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 3 тармағының 1), 2) тармақшалары келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Байғанин орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;";
      " 2) "Ақтөбе облысының ішкі істер Департаменті Байғанин ауданының ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі" (келісім бойынша) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.".
      көрсетілген қаулының 4, 5, 6 тармақтары келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың және оқу орындарының басшылары әскерге шақырылушыларды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар етілуін және азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.";
      "5. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесі шақыру қорытындысы туралы 2015 жылдың 5 шілдесінде және 2016 жылдың 5 қаңтарында аудан әкіміне ақпарат ұсынсын.";
      "6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Спановаға және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Байғанин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы міндетін атқарушы С.Алпысбаевқа жүктелсін.".
      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Аққағазов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады