Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 17-02/281 ұсынысының негізінде, Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз ауылдық округінің Ақши ауылының аумағында ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ырғыз ауылдық округі әкімінің орынбасары М. Нұрпейіске жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз ауылдық округінің әкімі | А. САРИН |