"Кемпірсай селолық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атаулар беру туралы" 2012 жылғы 12 шілдедегі № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 4518 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулуар енгізу туралы" Конституциялық заңына сәйкес, Қарғалы ауданының Кемпірсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кемпірсай ауылдық округі әкімінің "Кемпірсай селолық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атаулар беру туралы" 2012 жылғы 12 шілдедегі № 2 шешіміндегі (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімде № 3-6-147 тіркелген, аудандық "Қарғалы" газетінің 2012 жылдың 16 тамыздағы № 40 санында жарияланған) мемлекеттік тіліндегі шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген шешімінің мемлекеттік тіліндегі деректемелерді, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Қарғалы ауданының Кемпірсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Байкеноваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарғалы ауданының
Кемпірсай ауылдық округінің әкімі
С.Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады