Жайсаң ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 4299 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Жайсаң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жайсаң селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Жайсаң селолық округі әкімінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 1 "Жайсаң селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-65 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      мемлекеттік тіліндегі атауында "селолық", "округіне қарасты" сөздері "ауылдық", "округінің" сөздерімен ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі атауында "названий" сөзі "наименования" сөзімен ауыстырылсын;
      кіріспесіндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" деген сөздер алынып тасталсын.
      1, 2 тармақтары біріктірілсін және мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Жайсаң ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелеріне келесідей атаулар берілсін:
      Жанатаң ауылында – Шаруа;
      Хозаул ауылында – Болашақ.";
      2) Жайсаң селолық округі әкімінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 1 "Жайсаң селолық округі көшелеріне атау беру және атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-138 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 қазандағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" және "селосы", "аулы" сөздері "ауылдық" және "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын.
      орыс тіліндегі шешімнің 2 тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларына "в улицу" сөзі "на улицу" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жайсаң ауылдық округінің әкімі: Ж. Есмухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады