Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 03 наурыздағы №1-26/91 санды ұсынысы бойынша Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округіндегі Көбелей елді-мекенінде орналасқан "Жамбыл" шаруа қожалығында ірі қара малдардың арасында қарасан ауруының ошағы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Ғ.Шамшин (келісімімен) осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Жұрын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы К.Амиралинаға жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жұрын ауылдық округінің әкімі | Т.Ш.Абдірзақ |