"2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" 2015 жылғы 30 наурыздағы № 97 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 219 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қазанда № 4547 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қаңтардағы № 02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № 02 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтык актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес, Шалқар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шалқар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 97 "2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4318 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырында аудандық "Шежірелі өлке" газетіне жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 3 тармағының 1), 2), 3) тармақшалары келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шалқар аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;";
      "2) "Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті Шалқар ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;";
      "3) "Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзыреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.".
      көрсетілген қаулының 6 тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Қарашолақоваға және Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Шалқар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығының міндетін уақытша атқарушы Е.Бисенгалиевке жүктелсін.".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Данағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады