"Талдықорған қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 34-1261 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 22 желтоқсанда № 3630 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-420 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-420 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Талдықорған қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Талдықорған қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Мадина Айтқазықызы Ибрагимова) заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында тіркеуді жүзеге асырсын.
      3. "Талдықорған қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Мадина Айтқазықызы Ибрагимова осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Б. Қарасаев

  Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы "30" қарашадағы № 34-1261 қаулысымен бекітілген қосымша

"Талдықорған қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесi туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Талдықорған қаласының қаржы бөлімi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Бөлім) қаржы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесi, № 256.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Талдықорған қаласының қаржы бөлімi" мемлекеттiк мекемесi.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы: бюджетті атқару, қалалық коммуналдық мүлікті басқаруды үйлестіру саласында мемлекеттiк басқару функцияларын іске асыру.
      14. Міндеттері:
      1) бюджетті атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалалық коммуналдық мүлікті басқаруды үйлестіру.
      15. Функциялары:
      1) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
      2) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
      3) бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;
      4) бюджет ақшасын басқару;
      5) бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
      6) жергілікті атқарушы органның резервтегі қаржысының жұмсалуын есепке алуды және талдауды жүзеге асыру;
      7) облыстың жергілікті атқарушы органына, қаланың жергілікті атқарушы және өкілді органына заңнамада белгіленген тәртіппен және белгіленген мерзімде бюджеттің орындалуы бойынша есеп беру;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;
      9) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға беру;
      10) коммуналдық меншікке айналдырылғын (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен қалалық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
      11) сенімгерлікпен басқарушының қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      12) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу және жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) Бөлімнің құзыретіне жататын қала әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің бірінші басшысын Талдықорған қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) Бөлім қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Бөлімнің мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта құру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады