"Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 10-908 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 13 қарашада № 3552 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 9-1427 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 16.09.2016 № 9-1427 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ахметов Ержан Тұрсынбайұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Т.Тынышбайға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің м.а. Н. Жұмәділ

  Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қазан № 10-908 қаулысымен бекітілген қосымша

"Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Қарасай ауданының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономика және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040900, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, № 213.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып
      табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы: Қарасай ауданы аумағында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттiк басқарудың функцияларын іске асыру.
      14. Міндеттері:
      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
      2) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара қарым-қатынаста бюджеттік және инвестициялық саясатты іске асыру;
      3) өңірлік даму саласындағы саясатты іске асыру.
      15. Функциялары:
      1) аудан аумағын дамыту бағдарламасын және оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, түзету және мониторинг жүргізу;
      2) Қарасай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
      3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік, салалық бағдарламаларды және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын іске асыру, мониторинг жүргізу;
      4) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму серпіні мен деңгейіне талдау жүргізу;
      5) жергілікті бюджет түсімдерінің көлемін болжау;
      6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін және бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастыру және қарастыру;
      7) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражаттарын жұмсаудың басым бағыттары, бюджеттің жоспарлы кезеңге арналған тапшылығы көлемі негізінде жаңа бастамаларға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығындары лимиттерін, жергілікті бюджет лимиттерін айқындау;
      8) ауданның бюджеттік инвестициялық жобаларын, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларын қарастыру және таңдау;
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ауылдық жерлерге тұру және жұмыс істеу үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жұмыстарын ұйымдастыру;
      10) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне мониторинг және талдау жүргізу;
      11) аудан әкіміне, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына, аудан әкімдігінің жиналыстарына, отырыстарына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы материалдар дайындау және ұсыну;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) Бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
      4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің бірінші басшысын Қарасай ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасары бар.
      20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) Бөлім қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
      6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады