"Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 336 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 22 шілдеде № 3301 болып тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Байтаева Күлпәш Ізмұханқызына жүктелсін.
      3. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт" мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Берлінбаевқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Қалиасқаров

      

  Қаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "19" маусымдағы № 336 қаулысымен бекітілген қосымша

      

"Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қаратал ауданының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Ұштөбе қаласы, Құсмолданов көшесі, № 21.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.
      14. Міндеттері:
      1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
      2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
      3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру.
      15. Функциялары:
      1) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
      2) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
      3) Қаратал ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
      4) Қаратал ауданы аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
      5) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
      7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
      8) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
      9) Қаратал ауданы аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      10) Қаратал ауданы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстық жергілікті атқарушы органына ұсынады;
      11) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
      12) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      13) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      14) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
      15) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласында басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қаратал ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      20. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      2) "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекеменің директорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде айқындайды;
      4) "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекеменің директорын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      7) "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
      "Қаратал ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаратал ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады