"Қаратал ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 338 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 23 шілдеде № 3303 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 300 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 13.09.2016 № 300 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қаратал ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі- Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қалиасқаров Асхат Мейрамғалиұлына жүктелсін.
      3. "Қаратал ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Шаяхметов Нұрлан Нұрғұлжанұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интеренет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы А. Қалиасқаров

  Қаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы "Қаратал ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 338 қаулысымен бекітілген қосымша

"Қаратал ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қаратал ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ауданның автомобиль жолдары және жол қызметі аясындағы мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 041000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Төкен Құсмолданов көшесі, № 21.
      9. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қаратал ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлім қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      13. Бөлімнің миссиясы: аудан деңгейінде жолаушылар көлігі, байланыс және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласында бірыңғай саясатты жүргізуде жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды реттеу, үйлестіру, бақылауды жүзеге асыру.
      14. Мiндеттерi:
      1) көліктің барлық түрімен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру;
      2) аудандық деңгейдегі жолдардың құрылысы, жөнделуі және ұсталуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
      15. Функциялары:
      1) өзінің өкілеттігі шегінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары дамуының басым бағдарламаларын жүзеге асыру;
      2) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын талдау мен болжамдар жасауға, Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша инвестициялық бағдарламалар жасауға қатысу;
      3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің отырыстарына материалдар даярлауға қатысу;
      4) жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу, маршруттар бойынша жүру кестелерін бекіту;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол қызметін қаржыландыруға арналған қаржыны пайдаланудың тәртібін анықтау және олардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының құрылысы, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру.
      Көлік инфрақұрылымын дамыту саласында мемлекеттік сатып алудың ортақ ұйымдастырушысы болып, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      7) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары торабын басқару;
      8) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды жүргізу барысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      9) жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық, ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
      10) аудан аумағындағы елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру;
      11) ауданның коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
      12) өз құзыреті шегінде ауданның коммуналдық меншігіндегі мүліктерге иелік ету, пайдалану және билік жүргізу;
      13) көлік және жол шаруашылығының дамуын жақсарту бойынша ұсыныстар мен шешімдер дайындауға қатысу;
      14) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру;
      15) ауылдық, ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      15. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) жергілікті атқарушы органдардан, комитеттер мен басқармалардан,
      ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардан Бөлімге жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпараттарды сұрату және алу;
      2) міндеттерді жүзеге асыруға байланысты шешімін табу облыстық және республикалық деңгейде қамтамасыз етілетін ұсыныстарды жоғары тұрған органдардың қарауына енгізу;
      3) аудан әкіміне және аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына Бөлімнің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
      4) заңнамаға сәйкес Бөлімге жүктелген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Бөлімнің қызметiн ұйымдастыру

      16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      17. Бөлімнің бiрiншi басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      18. Бөлімнің бiрiншi басшысының орынбасарлары жоқ.
      19. Бөлімнің бiрiншi басшысының өкілеттігі:
      1) Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2) Бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіліктердің бөлінісін жүзеге асырады;
      3) Бөлім қызметкерлеріне заңнамаларда белгіленген тәртіппен көтермелеу қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
      4) Бөлім қызметкерлеріне орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      5) заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдар алдында Бөлімнің мүддесін қорғайды;
      6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-әрекеттерге шара қолданады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауап береді;
      7) заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Бөлімнің мүлкi

      20. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      21. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады