"Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 01 шілдедегі № 189 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 05 тамызда № 3323 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 405 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 30.09.2016 № 405 қаулысымен.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2.Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Бекежанов Бақберген Сейтжанұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Камамбаева Гулжан Алтынбекқызына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Алиев

  Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 01 шілдедегі № 189 қаулысымен бекітілген қосымша

"Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041100, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Вожакин көшесі, № 2.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеті:
      Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
      2) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу;
      3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      4) табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
      6) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру; 
      7) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
      8) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
      9) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
      10) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
      11) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.
      19. Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. Әкімнің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. Әкімнің өкілеттігі:
      1) "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде шешімдер мен өкімдер шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Әкім өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады