"Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 555 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 03 қарашада № 3521 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 16.05.2017 № 107 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Сарқан қаласы әкімінің орынбасары Тукушев Аман Балтабекұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Үмбеталиев Самат Тлеубайұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Қошанбеков

  Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 555 қаулысымен бекітілген қосымша

"Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға
      сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041500, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, № 75.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

      13. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Сарқан ауданының Сарқан қаласы және Бірлік ауылы аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. Міндеттері: Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
      1) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
      2) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу;
      3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      4) табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
      6) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс
      орындарын ұйымдастыру; 
      7) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
      8) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
      9) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
      10) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
      11) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.       
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      2) оперативті басқару құқығына қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау; 
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.
      18. Сарқан ауданының Сарқан қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 
      19. Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің өкілеттігі:
      1) "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде шешімдер мен өкімдер шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Сарқан ауданының Сарқан қаласының әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Сарқан ауданының Сарқан қаласының әкімі өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      22. Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкім басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Сарқан ауданының Сарқан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады