"Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 желтоқсандағы № 638 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 06 қаңтарда № 3671 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 328 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 04.11.2019 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Құдабаев Асхат Әуесханұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Маманбаев Ғалымжан Қанатұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Қошанбеков

  Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 638 қаулысымен бекітілген қосымша

"Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Сарқан ауданының аумағындағы дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041500, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тынышбаев көшесі, № 8.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.
      14. Міндеттері:
      1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
      2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
      3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру.
      15. Функциялары:
      1) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізеді;
      2) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
      3) Сарқан ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
      4) Сарқан ауданы аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
      5) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3- жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
      7) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;
      8) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;
      9) Сарқан ауданы аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
      10) Сарқан ауданы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстық жергілікті атқарушы органына ұсынады;
      11) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
      12) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      13) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      14) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
      15) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласында басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік
      мекемесіне басшылықты "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Сарқан ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      20. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      2) "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекеменің директорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде айқындайды;
      4) "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекеменің директорын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      7) "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
      "Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарқан ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады