Талғар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41-249 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 27 сәуірде № 3149 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 58-247 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 23.04.2018 № 58-247 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Талғар ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Халықты әлеуметтiк қорғау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, еңбек, бiлiм, денсаулық, мәдениет, тiл және спорт жөнiндегi" тұрақты комиссиясына жүктелсін. 
      Осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау "Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Ж.С.Баисбаев) жүктелсін.
      Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А.Раханов
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Д.Теберіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады