Белбұлақ ауылдық округіндегі Белбұлақ, Бірлік ауылдарындағы жаңа көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 06 қарашадағы № 1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 02 желтоқсанда № 3593 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Белбұлақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Алматы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Белбұлақ ауылдық округінің Белбұлақ ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Белбұлақ ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге "Қасым Қайсенов", екінші көшеге "Хиуаз Доспанова".
      2. Белбұлақ ауылдық округінің Бірлік ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Бірлік ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге "Мәлік Ғабдуллин", екінші көшеге "Сұлтан Баймағанбетов", үшінші көшеге "Нүркен Әбдіров", төртінші көшеге "Төлеген Тоқтаров".
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Белбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Сарғожаев Қазтай Нұрсадықұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      5. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді жәнеп алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Белбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Сайранова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады