"Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 тамыздағы № 08-218 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 17 қыркүйекте № 3429 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 04 қыркүйектегі № 412 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 04.09.2018 № 412 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес,Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Аудан әкімі аппаратының басшысы Исламов Султан Турсуновичке осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Исламов Султан Турсуновичке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Қ.Бекмұханбетов



  Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 тамыздағы № 08-218 қаулысымен бекітілген қосымша



"Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің және әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 041800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Раджибаев көшесі, №73.

      10. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi.

      11. Осы Ереже "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімдігінің және әкiмнiң қызметiн қамтамасыз ету.

      15. Мiндеттерi: аудан әкімінің ақпараттық-талдау,ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

      16. Функциялары:

      1) аудан әкімдігінің тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын дайындау;

      2) аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;

      3) аудан әкімдігінің отырысына материалдарды дайындау;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуын жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімдік қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларының, облыс,аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы облыс, аудан әкімін жүйелі түрде хабардар етіп отыру, олардың орындалуын қамтамасыз ету;

      6) аудан әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін әкімдік отырыстарын, сондай-ақ басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      7) аудан әкімі және оның орынбасарлары үшін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын сипаттайтын материалдар дайындау;

      8) аудан әкімдігі және әкіммен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің есебін, мониторингін, жүйеленуін бақылау даналарын жүргізу;

      9) кәсiптiк даярлық деңгейiн айқындау мақсатында аудан әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадр құрамына талдау жүргізу;

      10) кадрларды оқытуды ұйымдастыру;

      11) қызметтік құжаттарды қарау;

      12) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

      13) іс-жүргізу, келіп түскен хат-хабарларды өңдеу;

      14) атқарушы органдармен бірлесе отырып, әкімдік отырыстарында қарау үшін мәселелер дайындау;

      15) ауданның жергілікті атқарушы органдарының және аудандық маңызы бар қала мен ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының мемлекеттік қызметкерлерінің қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмыстарды үйлестіру;

      16) мемлекеттік сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру;

      17) азаматтық хал актілерін тіркеумен байланысты жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру;

      18) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

      19) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен мiндеттерi:

      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      2) әкімдіктің отырыстарына, жергілікті атқарушы органдардың жиналыстарына, алқаларына қатысу;

      3) аудан әкімінің қарауына және аудан әкімдігінің отырыстарына енгізілетін сұрақтарды дайындау үшін аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін қатысуға тарту;

      4) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

      5) Ұйғыр ауданы әкімдігі және аудан әкімі аппараты атынан сотта талапкер және жауапкер болу;

      6) "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      21. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:

      1) "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) аудан әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      3) аудан әкімдігінің және әкімнің қабылдаған актілерінің орындалуы бойынша жұмысты үйлестіреді;

      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және қызметтік құжаттарға қол қояды;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

      6) "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

      7) Қазақстан Республикасы заңнамсына сәйкес "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі мен қаражатына билік етеді;

      8) шарттар мен келісімдер жасайды, есептік құжаттарға қол қояды, сенімхаттар береді;

      9) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      10) "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеде өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Ұйғыр ауданының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      23. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесінде

      заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

      "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      24. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады