Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 18-05/22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 ақпанда № 10292 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2019 № 221 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрінің

      2015 жылғы 19 қаңтардағы

      № 18-05/22 бұйрығымен

      бекітілген

Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар

      1. Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына (бұдан әрі - БҚҚ) мынадай талаптар қойылады:

      1) осы Талаптардың 1-қосымшасында келтірілген БҚҚ тиімділік есебіне сәйкес анықталатын денесінің ұзындығы 12 миллиметрден асатын шабақ үшін БҚҚ тиімділік коэффициенті 70 %-дан кем болмауы тиіс;

      2) су тартқыштың есептік шығынына байланысты ББҚ осы Талаптардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді;

      3) балықтардың өлшеміне байланысты БҚҚ торлы балық қорғау тосқауылдарының диаметрлері осы Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      2. БҚҚ жобалау:

      1) қорғалатын балықтардың ең төменгі өлшемі көрсетілетін түрлік және өлшемдік құрамы;

      2) олардың жылыстау және қоныс аудару кезеңі;

      3) балықтардың тігінен және көлденең бөлінуі;

      4) уылдырық шашу орындары мен қыстау шұңқырлары орналасқан жерлер;

      5) қорғалатын балықтардың шабақтары үшін ағыстың құламалы жылдамдығы анықталатын жобалау-іздестіру және ғылыми зерттеулердің негізінде жүргізіледі.

      Су тарту құрылыстарының

      балық қорғау құрылғыларына

      қойылатын талаптарға

      1-қосымша

Балық қорғау құрылғыларының тиімділігін есептеу

      1. Балық қорғау құрылғыларының көрсеткіші (Кэф) балық қорғау құрылғысымен ұсталған балықтардың санының мұндай құрылғының жоқ болған кездегі су бөгетіне түсетін балықтардың санына қатынасы болып табылады, пайызбен келтіріледі:



      мұндағы:

      N1 Т - есептеу кезеңдегі балық қорғау құрылғысының бар болған кездегі түскен балықтардың саны;

      N2T - балық қорғау құрылғысының жоқ болған кездегі сол Т есептік кезеңдегі су бөгетіне түскен балықтың саны;

      2. Балық қорғау құрылғыларының көрсеткіші тәжірибелік жолмен анықталады - балық қорғау құрылғылары болған және болмаған кездегі балықтардың кезектеп су бөгетіне түсуін бақылау.

      БҚҚ-ыны бөлшектеу мүмкін болмаған жағдайда, Кэф балықтың БҚҚ алдында және одан кейін шоғырлануының айырмасы бойынша мына формуламен анықталады:



      мұндағы:

      С1 — БҚҚ-дан кейін балық шабағының шоғырлануы;

      С2 - БҚҚ алдында балық шабағының шоғырлануы.

      3. БҚҚ тиімділігі өлшемі 12 мм балық шабағы үшін 70 % кем емес болуы тиіс.

      4. БҚҚ-мен байланысқа түскен кезде (жазық аулар, ағыны шапшаң барабандар және т.б.) және балықты қайтару кезінде (егер БҚҚ-да балық қайтарғыш болса) шабақ өлетін болса, онда балық қорғау тиімділігінің көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      N1T — БҚҚ болған кезде Т есептеу кезеңінде су бөгетіне түскен балықтардың саны;

      N2T - БҚҚ болмаған кезде сол Т есептік кезеңінде су бөгетіне түскен балықтардың саны;

      N3T - БҚҚ-ға соғылу салдарынан Т есептік кезеңінде өлім-жітімге ұшыраған балықтардың саны.

      N3 көлемі БҚҚ-да қалып қойған (n 1), БҚҚ-ға соғылу салдарынан өлім-жітімге ұшыраған (n 2) және балық қайтару жолынан өткенде өлім-жітімге ұшыраған балықтар санының жиынтығымен анықталады (n 3): N3 = n1 + n2 + n3.

      БҚҚ-ға соғылу салдарынан өлім-жітімге ұшырайтын шабақ санын (N3) анықтау жұмысы былай жүргізіледі:

      n1 - балық қорғайтын құрылғыдағы балық санын есептеу жолымен анықталады;

      n2 - жұмыс істеп тұрған су тарту құрылысында БҚҚ-ның төменгі жағынан ауланған балық шабақтарын өмір сүруге қалдырғаннан кейін өлім-жітімге ұшыраған балықтардың саны;

      n3 - балық қайтарудан өткен балық шабақтарын өмір сүруге қалдырғаннан кейін өлім-жітімге ұшыраған балықтардың саны.

      Су тарту құрылыстарының

      балық қорғау құрылғыларына

      қойылатын талаптарға

      2-қосымша

Су тартқыштың есептік шығынына байланысты балық қорғау құрылғыларын орнату

Балық қорғау құрылғылары

Су тартқыштардың есеп айырысу шығындары, м/с

топ (балықтарды қорғау әдістері бойынша)

түр

0,5 аз

0,5 бастап, 5,0 дейін

5,0 бастап, 10,0 дейін

10,0 көп

Бөгеуші

Өткінші ағында орнатылған торлы ағын белсенді барабан

+

-

-

-


Өткінші ағында орнатылған ағын тудырғышы бар баулық (АББ).

+

-

-

-


Балық қайтаратын конустық бір жолақты балық тосқауылы (конустық).


-

+

+

+


Балық қайтаратын конустық екі жолақты балық тосқауылы (конустық) 25 метрге дейінгі ұзын секциялар сияқты V- W тәріздес көлденең торлы, бұрғылап тесілген немесе сүзетін экрандар.

+

+

-

-

Қоршағыш

Су тартқыш қол шатыр тәріздес баулық.

+

+

-

-

Шоғырлаушы

Балықтарды көлденең айыратыны бар балық қорғау шоғырлаушысы (КАБК); блокпен қолданатын 5, 10 және 25 м3/с блок-секциялар.

-

+

+

+

Ескерту: БҚҚ басқа түрлерін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша қолдануға жол беріледі.


      Су тарту құрылыстарының

      балық қорғау құрылғыларына

      қойылатын талаптарға

      3-қосымша

Балықтардың өлшеміне байланысты торлы балық қорғау тосқауылдары ұяларының диаметрі

Балықтың дене ұзындығы, мм

12

15

20

30

40

50

60

70

Саңылау диаметрі, мм

1,5

2

3

4

6

7

8

9

Ескерту: Төрт бұрышты тордың саңылауларында жоғарыда көрсетілген өлшемдер саңылаудың диагоналіне сәйкес.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады