Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Жиделі ауылының бағыныстылығын және Шу ауданы Балуан Шолақ ауылдық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 196 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйекте № 40-5 шешімі.Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қазанда № 2813 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Өзгертілсін:
      1) Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Жиделі ауылының бағыныстылығы Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына;
      2) Жамбыл облысы Шу ауданының Балуан Шолақ ауылдық округінің әкімшілік шекаралары (шегі) "Далақайнар" өндірістік кооперативінің 489,3 гектар және Жиделі ауылының 10,7 гектар жер учаскелерінің әкімшілік шекараларын қосу жолымен.
      2. "Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Жиделі ауылының бағыныстылығын өзгерту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі №258 және Жамбыл облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №33-10 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2473 болып тіркелген, "Ақ жол" газетінде 2015 жылдың 27 қаңтарында №10 (18044) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы мәслихатының аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары А.Нұралиевке жүктелсін.
      4. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс Әкімі К.Көкрекбаев
      Облыстық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы А.Бәзіл
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы Б.Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады