Жамбыл облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің жіктелімін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 303 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда № 2891 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің жіктелімі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы "9"желтоқсандағы
№ 303 қаулысымен бекітілді

Жамбыл облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің жіктелімі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстардың түрлерін жіктеу (бұдан әрі – жіктеу) Жамбыл облысының елді мекендерінің көшелерін (бұдан әрі – көшелер) күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыс түрлерін белгілейді.
      2. Жіктеу жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қолданылады.
      3. Осы жіктеуде мынадай анықтамалар қолданылады:
      1) көшелерді басқарушылар – автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы автомобиль жолдарын басқару қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      2) көшелер мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару - бұл үнемді негізделген жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын әзірлеу арқылы оларға диагностикалау мен мониторинг жүргізудің негізінде көшелер мен құрылыстарының қажетті техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және регламенттейтін кешені;
      3) көшелердің жай-күйіне мониторинг жүргізу – бұл пайдалану және қоршаған ортаның ықпал етуі нәтижесінде мүмкін болатын антропогендік өзгерістердің жай-күйін қадағалау мен бақылау, бағалау мен болжамдау жүйесі;
      4) көшелердің маршрутты жөндеу тәсілі - бұл көлік қозғалысы үшін қауіпті ақаулықтарды жою жергілікті учаскелердегі жол жабынының тегістігін қалпына келтіру жұмыстарын қоса алғанда, маршрут бойынша орындалатын жөндеу кешені;
      5) жол жамылғысы - бұл автокөлік құралдарынан түсетін салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретін көшелердің бөлінген белдеулерінің шегіндегі көп қабатты құрылғы;
      6) жол жамылғысы қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл жол құрылысының көтеру қабілеттілігін (күшейту) арттырумен байланысты кезекті күрделі жөндеуге дейінгі құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделі жөндеуден кейін жолды пайдалануға тапсырған күннен басталған кезең;
      7) жол жабыны қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл тозу қабатын қалпына келтіру және тегістілік пен көлік қозғалысының қарқындылығы бойынша қажетті маңыздылығына дейін ұқсас сапаларын орнына келтірумен және ақауларды жоюмен байланысты кезекті орташа жөндеу орындауға қажеттілік туындағанға дейін құрылыс, қайта жаңарту, күрделі немесе орташа жөндеуден кейін жолды пайдалануға тапсырған уақыт кезеңі;
      8) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясы – бұл бөлінетін ресурстарды тиімді пайдалану кезінде көшелер мен құрылыстар желісінің көліктік-пайдалану жай-күйін сақтау және жақсарту бойынша аса тиімді ұзақ уақытты техникалық шешімдерді және басқаратын ықпал етулер кешені;
      9) жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені – жол жүруге төлем ақы алу үшін арналған көше жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету және элементтер жиынтығы.
      10) зияткерлік көлік жүйесі (ЗКЖ) – көшелер әкімшілік-шаруашылық басқару тапсырмаларын қызметтік және ақпараттық деңгейде шешетін, ғаламдық қызметтер мен процестерді құрайтын интеграцияланған мәліметтерді жинау, өндеу және сақтауды; ақпараттың орталықтандырылған интеграцияланған массивтерін қамтамасыз ететін, интеграцияны қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және енгізуді қамтамасыз ету мәліметтерін басқару, бірыңғай бизнес-ережелер бойынша мәліметтерді түзету және қол жеткізу, шаруашылық-өндірістік есептерді жүргізу жүйесін, өзінің ішкі сәулеттілігі, қызметтері, процестерді және жоғары санаттағы көшелерде көлік құралдарының қажетті өткізу қабілеттілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мәліметтері бар жол қозғалысын басқару жүйесін қамтамасыз ететін, өз құрамында Жүйені Басқару Орталығы бар жол қозғалысын басқару мен жол жүру үшін ақы жинау және қозғалысты басқару кешені.
      11) көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингіне арналған өлшеу құралдары, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету – елді мекендердің көшелері бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын бақылауды және мониторингті қамтамасыз ететін жабдықтар кешені.
      12) көшелерді қысқы күтіп ұстау - көшелердің және ондағы құрылыстарды қар басып қалудан қорғауға, оны уақтылы тазартуға және жол жамылғысының қысқы тайғақтығымен күресуге байланысты айрықша жұмыстар кешені.
      4. Көшелердің құрамына мыналар кіреді: бөлінген белдеулер, жолдардың құрылымдық элементтері, жолдарды жайластыру және абаттандыру, су жібергіш және су өткізгіш құрылыстар, көпірлер, жол өткізгіштері, көлік айрықтары, су доғалары, үңгі жолдар, қорғау галереялары, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман алқаптары, гүлзарлар, гүл бақтары, гүл бақшалары, қолдан отырғызылған ағаштар, мемлекеттік меншік болып табылатын желілі тұрғын үй ғимараттары мен жол-пайдалану қызметтерінің кешендері, жол жүру, ИТЖ үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешені және өлшеу құралдары, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингі үшін жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, және белгіленген габариттің шегінде олардың төбесіндегі ауа кеңістігі.
      5. Көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалану жұмыстарын жүргізуге нақты бөлінген қаржы ресурстары көшелермен ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін тексеру және диагностикалау материалдары негізінде белгіленген өткізілетін жөндеу іс-шараларының түрлеріне және жол-жөндеу жұмыстарының әзірленген стратегиясына қарай бөлінеді.
      6. Көшелерді күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жіктелетінін жұмыс түрлері жол саласында қолданылатын осы жұмыс түрлерінің нормативтік-техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес орындалады.
      7. Көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару өзіне келесі ұйымдық және реглементтік іс-шараларды енгізеді:
      1) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;
      2) көшелер мен ондағы құрылыстарды сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан алдын ала сақтау;
      3) алдыңғы қатарлы тәжірибе және ғылым мен техникаға қол жеткізу негізінде көшелер мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, қайта жаңарту, пайдалану бойынша нормативтік-техникалық базаны жетілдіру;
      4) технологияны жетілдіру және көшелер мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
      5) көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру, басқару, реттеу және бақылау;
      6) технологиялық ілеспе жөнделген учаскелердің мониторингін ұйымдастырумен, көшелерін ағымдағы,орташа және күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың шегінде көшелердің тәжірибелі учаскелерін ғылыми, техникалық сүйемелдеу және мониторинг.
      8. Көшелер мен ондағы құрылыстарды диагностикалау мен мониторинг жүргізу іс-шараларының құрамына мына жұмыс түрлері кіреді:
      1) жолдар мен жол құрылыстарын оларды күтіп ұстау сапасын бағалау арқылы жүйелі түрде (көктемгі, күзгі және айлық) тексеру;
      2) көшелер мен жол құрылыстарының техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін бағалау арқылы көзбен шолу және аспаптық тексеру, жолдар мен жол құрылыстарын паспорттандыру;
      3) көшелердегі көлік қозғалысының қарқындылығы мен құрамын есепке алу;
      4) көшелер мен жол құрылыстарының техникалық деңгейі және көліктік-пайдалану жай-күйі туралы бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес мәліметтер банкісін құру, үнемі жаңарту және жұмыс күйінде ұстау;
      5) ғылыми-техникалық сараптама және объектілерді инспекциялау, соның ішінде жедел шешімдер қабылдауды талап ететін төтенше жағдайларда және өзге жағдайларда материалдар мен жұмыстардың сапасын бағалау.
      9. көше жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қаржы ресурстарын жоспарлау іс-шараларының құрамына мына жұмыстар кіреді:
      1) көше және жол құрылыстарының көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің бірыңғай ақпараттың банкін құру, әкімшілік ету және басқару;
      2) көше және жол құрылыстарының көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің ақпараттық банктің талдауының негізінде күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды негіздеу;
      3) көше желісінің жай-күйін болжамдау арқылы жөндеу жұмыстарының стратегиясын өңдеу. Жөндеу жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын, соның ішінде көшелердің желісін күтіп ұстау жоспарларын құру;
       4) көше желісін қажетті пайдалану үшін жай-күйінде сақтау және күтіп ұстау үшін қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;
      5) жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО) шоғырланатын жерлерді жою бағдарламаларын әзірлеу.
      10. Көшелерде көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету іс-шараларының құрамына мынадай жұмыстар кіреді:
      1) автокөлік ағындары қозғалысының тәртібін оқып-білу, көшелерді белгілеу сызбасын әзірлеу, жол белгілерін дислокациялау, қозғалыс жылдамдығын реттеу, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыру;
      2) жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларын талдау, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғалары болған орындарды тексеру, себептерін анықтау және жол қозғылысы қауіпсіздігінің талаптарын жақсарту ұсыныстарын дайындау;
      3) қозғалыс қауіпсіздігіне қарай аса қауіпті жол учаскелерін анықтау және авариялардың алдын алуға арналған профилактикалық іс-шараларды әзірлеу;
      4) бөлінген белдеулер шегінде құрылыс жұмыстарын өндіруді келісу;
      5) коммуникациялар мен инженерлік желілері бар көшелер мен құрылыстардың қиылысу мен жанасуына техникалық талаптарды әзірлеуді келісу;
      6) желілі жол қызметтерінің жұмыскерлерін қөшелерде жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелеріне үйретуді ұйымдастыру;
      7) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралары, соның ішінде шығарынды көздерінде және аспаптық өлшеу жолымен бақылау нүктелерінде (постарда) шығарындылардың шекті рұқсат етілетін нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен келісім жасасу; міндетті экологиялық сақтандыру келісімдерін жасасу, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларының жоспарын әзірлеу, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын әзірлеу, қоршаған ортаға ықпал етуін бағалау, ауаға шекті рұқсат етілетін нормативтерінің жобаларын әзірлеу, қауіпті қалдықтардың төлқұжаттарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылауды қоса алғанда жол саласы ұйымдарында, жол шаруашылығы объектілерінде және көше бойы инфрақұрылымдарында қоршаған ортаны қорғау және жай-күйін қадағалау мен жетілдіру.
      8) өртке қарсы іс-шараларды қадағалау және жетілдіру жөніндегі өртке қарсы қызметтері ұйымдарымен шарттар жасасу, өртке қарсы сигнал берулерге, электрмен жарықтандыруға және т.б. жоспарлы тексеру және сараптама жүргізу және олардың орындалуын бақылау;
      11. Көшелер мен құрылыстарды сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан сақтап қалу іс-шараларының құрамына мынадай жұмыстар кіреді:
      1) көшелерді пайдалану және оларды қорғау тәртібін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;
      2) ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының жол жүруін келісу;
      3) үлкен салмақты көліктердің жол жамылғысы мен жол құрылыстарының сақталуына ықпал етуіне талдау жасау және қолайсыз ауа-райы жағдайларында, сондай-ақ жол жамылғысы жеткіліксіз мықтыланған әлсіз учаскелерде үлкен салмақты көліктердің қозғалысын шектеуді немесе ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсыныстарын әзірлеу.
      12. Көшелер мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстау технологиясы мен ұйымдастыруды қоса алғанда, оларды жөндеу мен күтіп ұстаудың нормативтік-техникалық базасын жетілдіру және өзектендіру іс-шараларының құрамына мынадай жұмыстар кіреді:
      1) көшелер мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, қайта жаңарту, пайдалану жөніндегі нормативтік-техникалық базаны және нормативтік-техникалық құжаттарды тексеру, жаңарту және жетілдіруді қоса алғанда стандарттаудың және оларды іске асырудың перспективалы және ағымдағы жоспарларын құру;
      2) көшелер мен ондағы құрылыстарды салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жаңа технологияларға, машиналарға және құрал-жабдықтарға хронометражды жұмыстар жүргізу арқылы нормалар мен бағаларды әзірлеу;
      3) көшелер мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстау тәжірибесіне енгізу бойынша нұсқаулықтар мен қорытындыларды әзірлеу арқылы технологиялар, машиналар және құрал-жабдықтар бойынша әлемдік тәжірибеге және ғылым мен техникаға қол жеткізуді оқып-білу;
      4) тәжірибелі-сараптамалық, тәжірибелі-құрастырмалы жұмыстар және жаңа материалдар, құрылғылар, технологиялар, машиналар және құрал-жабдықтарды сүйемелдеу және енгізу бойынша ғылыми-техникалық сүйемелдеу;
      5) көшелер мен ондағы құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы жұмыс бағдарламалық өнімдерін жетілдіру және оларды жұмыс күйінде ұстау;
      6) көшелер мен жол құрылыстарының ұзақтылығын және үнемділігін арттыру мақсатында оларды жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы өзекті проблемалар бойынша іздестіру және инновациялық жұмыстары.
      13. Көшелер мен оның құрылыстарының пайдаланылуын басқаруды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау іс-шараларының құрамына мынадай жұмыстар кіреді:
      1) көшелер мен жол құрылыстарының желісін күтіп ұстау бойынша жол-жөндеу жұмыстарының орындалуын үйлестіру және реттеу;
      2) көшелер мен жол құрылыстарын кезеңді есепке алу, есептілікті жасау;
      3) көшелерді күтіп ұстау мен ағымдағы жөндеу кезінде сапаны бақылауды ұйымдастыру, бақылау жүйесін жетілдіру және жол-жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, сапаны бақылауды аспаптық қамтамасыз ету;
      4) азаматтық қорғаныс объектілері мен мүліктерін және жұмылдыру резервтеріндегі қоймаларды сақтау мен күтіп ұстауды қамтамасыз ету;
      5) көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқарудың құрылымы мен әдістерін үнемі жетілдіру.

2. Көшелерді күтіп ұстау

      14. Көшелер мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстары жөндеу жұмыстарын жыл бойы үздіксіз жүзеге асырады.
      Көшелер мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстарын уақтылы жүргізу мақсатында оларды көзбен көріп тексеру патрульдеу арқылы жүзеге асырылады.
      Қаржыландырудың бекітілген нормативіне сәйкес, күтіп ұстауға арналған қаражаттардың шегінде, ақаулардың ведомосі бойынша тексерілген көшелердің нәтижелерінің негізінде жоспарланатын, көше және көше құрылыстарының зақымдарын алдын алу және түзету бойынша жұмыстарды орындау көзделуде.
      15. Көшелерді күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жыл бойы көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз және жайлы қозғалысы қамтамасыз етілуі қажет.
      16. Күтіп ұстау жұмыстары жобалық құжаттаманы жасауды талап етпейді. Оларды қолданыстағы нормативтік қаржыландыруға сәйкес, күтіп ұстауға бөлінген қаражат шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша жолдарды тексеру нәтижесінің негізінде жоспарлайды.
      17. Көшелер мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстары көктемгі, жазғы және күзгі кезеңде күтіп ұстау, қысқы күтіп ұстау, жолдарды көгалдандыру және өзге жұмыстарға бөлінеді.
      18. Көшелерді күтіп ұстау жұмыстарының құрамына операторлардың айтуымен ақпаратты жинау, өңдеу және күн сайын жыл бойы ұсыну кіреді, соның ішінде:
      1) бұқаралық ақпарат құралдарын көшедегі жол жүрулер туралы ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, көшеде жол жүрулер туралы;
      2) болған жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғалары туралы;
      3) тал және тасқын суларды жіберу кезіндегі жұмыстар туралы;
      4) қысқы уақытта қар тазалайтын машиналар мен механизмдердің жұмысы туралы;
      5) ақпараттарды жинау және өңдеу, көше және ондағы құрылыстардың көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің бірыңғай ақпараттық банкіне әкімшілік ету және басқару.
       19. Көше мен ондағы құрылыстарды көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдерде күтіп ұстау кезінде, яғни жыл сайын мынадай жұмыстарды орындайды:
      1) көшелер мен ондағы құрылыстардың жай-күйін және оларды пайдалану ережелерінің сақталуын патрульдік қадағалау;
      2) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша:
       - су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау;
- жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу;
       - жиектерді жоспарлау, шөптермен себу;
      - шабу және шабылған шөптерді жинау;
       - шабылған материалдарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жер жамылғысының жиектері мен шеттеріндегі бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетін бұталарды тамырымен жұлу;
       - материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерін жоспарлау;
       - жеке учаскелердегі көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себу арқылы жиектерді және бермдерді себу, кесу және жоспарлау;
      - иірім учаскелерді жою;
       - опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау;
      - жиектерді себу және бекіту;
       - жеке элементтерін ауыстырумен және жаңа материалдарды пайдалану арқылы жер төсемі, су қайтарғыш, резервтер, бермдер, қорғаныс, бекіту және реттегіш құрылыстарының жеке бұзылуларын түзету;
       - көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін материалдарды қосу немесе қоспау арқылы жиектерді және бермдерді кесу және жоспарлау;
      3) бөлінген белдеулер бойынша:
      - су ағысын қамтамасыз ету үшін бөлу жолағын жоспарлау;
      - бөлу жолағындағы қоқысты жинау, шығару және пайдаға асыруға беру;
- шабылған материалдарды тиеу, шығару және пайдаға асыруға беру арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін ағаштарды, бұталарды, жабайы өсетін бұталарды шабу және тамырымен жұлу;
      - бөлінген белдеулерді шабу және шабылған шөптерді, қамыстарды және қурайларды жинау, тиеу, шығару және пайдаға асыруға беру;
      4) күрделі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
      - жүру бөлігін тазалау және жуу;
      - ылғалдың, ауаның күн радиациясының кіруінен асфальтты-бетонды жабынды тиімді оқшалау үшін жаңартатын сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділігін сақтау және қалпына келтіру;
      - жарықшақтарды құю;
      - шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жол учаскесінің жиектерін тегістеу;
      - жергілікті учаскелердің төсемдеріндегі иірімдерді жою;
      - төсемдегі шорлар мен қауіпті тегіссіздікті кесу, тозу қабатын кейіннен кедір-бұдыр негізді өндеу арқылы ойыстарды бітеу;
      - жүру бөлігін белгілеу;
      - цемент–бетон жамылғыларында жарықшақтарды жөндеу және толтыру;
      - апатты-қауіпті учаскелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу);
      - көшелерде бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.
      Жұмыстар әрі ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол ұйымдастыру күштерімен орындалады;
      5) жетілдірілген жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
      - тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп ұстау;
      - жарықшақтарды құю;
      - шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жол учаскесінің жиектерін тегістеу;
      - жүру бөлігін белгілеу;
      - апатты-қауіпті учаскелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу);
      - көшелерде бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.
      - Жұмыстар әрі ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол ұйымдастыру күштерімен орындалады;
      6) өтпелі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
      - төсемді балшықтан тазалау;
      - төсемді сумен шаңсыздандыру;
      - материалдар қосу арқылы төсемді кескіндеу және нығыздау;
      - төсемдерге тас үгінділері мен иленділерді үю, катундарды жинау;
      - шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын қалпына келтіру.
      7) топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жүру бөлігі бойынша:
      - материалдарды қосу арқылы пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегіссіздіктерді жою үшін төсемді кескіндеу;
      - ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүргізілетін тегістеу-профилактикалық іс-шаралары;
      - жолдарды хлорлы кальций, битум және басқа материалдармен шаңсыздандыру;
      - көшелерді кепкен учаскелерін күтіп ұстау, уақытша қоршау, ауа науаларын орналастыру және себу, жол төсемі мен жол жамылғысының үстінен су өтуін қамтамасыз ету;
      8) көшелердің жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша:
      - шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын салу және жөндеу;
      - жетіспейтін белгілерді, қоршауларды орнату, бұзылуларды қалпына түзету, жол белгілері мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды, жол жиектерінің тастарын орнату және жөндеу, жолды жайғастыру элементтерін қалпына келтіру;
       - сәулет безендірулері мен абаттандыру элементтерінің жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;
       - автопавильондар, күркелер, жол белгілері, қоршаулар және көшелердің басқа жайғастыру элементтерін сырлау және ақтау, тік және көлдеңен белгілерді түсіру;
       - күркелер, орындықтарды орнату және жөндеу;
       - жаңа материалдар қолданбастан өтпелі, топырақты және топырақты жақсартылған төсемдері бар жол бойындағы сервис объектілерінің мемлекеттік меншіктегі демалыс алаңдары мен кіреберіс жолдарын кескіндеу;
       - қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгілерді, қалқандарды үнемі тексеру, бекіткіштерін тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;
       - автобус аялдамаларын, дәретханаларды, күркелерді, автопавильондарды кезеңді тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;
       - қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтіп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;
       - жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қуіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау;
       - жолдарды, көпірлерді, жол өткізгіштерді, үңгі жолдарды, көлік айрықтарын, паромдық өткелдерді және басқа жол құрылыстарын электрмен жабдықтау желілерін тазалықта және ретке келтіріп ұстау, істен шыққан шамдарды, шамшырақтарды, сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды, жарық тіреулерін және басқа электрмен жабдықтау элементтерін ауыстыру және жаңаларын монтаждау, радио байланысын, ақы алу жүйесін, зияткерлік көлік жүйесін, басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуі үшін байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлік және автоматтандырып басқару құралдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау;
       - GPS қондыру және пайдалану;
       - қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру объектілерінің құралдарын жеке бұзылулардан және ақаулықтардан жөндеу, паспорттағы деректердің талаптарына сәйкес ақы алу және зияткерлік көлік жүйесін, соның ішінде көше бойындағы құрал-жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, Орталық басқару пунктінің ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, Орталық басқару пунктінің серверлік, жүйелік және бейне құрал-жабдықтарының тораптары мен бөлшектерін жоспарлы жөндеу және ауыстыру;
       - оның кепілдік қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін паспорт деректерінің талаптарына сәйкес, ақы алу және зияткерлік көлік жүйесін, құрал-жабдықтарының шығындалған және тозып қалған бөліктерін, бөлшектерін, элементтерін және тораптарын ауыстыру;
      - көше желілік телеграфтық немесе радио байланыс және басқа технологиялық және сигнал-шақыру байланысын қалпына келтіру;
       - кабель желілерін, жол жүруге ақы алу жүйесінің және зияткерлік көлік жүйесін техникалық кешендерін паспорт деректерінің талаптарына сәйкес, уақтылы қалпына келтіру;
      - өлшеу құралдарын, жабдықтарды қондыру, жөндеу және күтіп ұстау, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін бағдарламалық қамтамасыз ету;
       - көшелерді күтіп ұстау және жөндеуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын бақылауға арналған навигациялық жүйелерді күтіп ұстау, қондыру және пайдалану;
       - жүргіншілер бөлігіне "мысық көз" жол маркерін қондыру (қажет болған жағдайда);
- тиісті сертификаттарды, таразы бақылау аркаларының өлшеу құралдарын алумен жыл сайынғы тексеруді жүргізу;
       - бақылау посттарын, аркалар мен басқа металл құрылымдары немесе/және темір-бетон бұйымдарын, ақпараттық жол белгілерін қондыру және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, сонымен бірге жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;
       - өту үшін ақы алу жүйесінің және зияткерлік көлік жүйесін жүйесінің бағдардарламалық-аппараттық кешенін қондыру, сонымен бірге жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді;
       - жол жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенінің, зияткерлік көлік жүйесінің жабдықтарын және көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін өлшеу құралдарын, жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жөндеу және жоспарлы алмастыру төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес регламенттелген мерзімде жүргізіледі, соның ішінде:
       - дербес жұмыс станциялары, Орталық басқару пунктінің ұйымдастыру техникасы және байланыс құралдары;
       - жол бойындағы жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, Орталық басқару пунктінің ұйымдастыру техникасы, басқару жиынтығы, локальдік есептеу жүйелері коммутаторлары.
       - жол бойындағы жабдықтар, байланыс құралдары, Орталық басқару пунктінің серверлік, жүйелік және бейне құрал-жабдықтары;
       - серверлік жүйелі және бейне құрал-жабдықтары, ал нақты: екі серверден тұратын кластер, мәліметтерді сақтаудың дисктік жүйесі, дабыл-шақыру колонкаларының орталық модульдері, орталық шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі;
       - жаңа материалдарды қоспау немесе қосу арқылы күрделі, кемелденген, сондай-ақ ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жол бойындағы сервис объектілеріне демалыс алаңдары мен кіреберіс жолдарды жөндеу;
      - қолданыстағы көшелерге жол қоршауларын, аялдама павильондарын, сервис павильондарын, кіші архитектуралық пішіндер, тікұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдары, демалыс алаңдарын және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, жүргізушілер мен жолаушылардың пайдалануы үшін жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында ауыспалы-жылдамдық жолақтарын салу және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, сонымен бірге жұмыс көлемдері техникалық құжаттамамен белгіленеді.
      9) жасанды құрылыстар бойынша:
      - жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;
       - тапсырыс берушінің нұсқамасы бойынша жол қауіпсіздігін негізге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету және қондыру;
       - көпірлердің металлды элементтерінің сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жергілікті қалпына келтіру;
       - жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;
       - көшелердің үстіндегі жол өткізгіштерінің маңдай алды арқалықтарының астына тік белгілер қою;
       - көшелердің үстіндегі жол өткізгіштерінің тіректеріне тік белгілер қою;
       - жинау техникасы өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау;
       - қар тазалайтын техника өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін қар мен мұздан тазалау;
       - су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау;
       - сорғылардан болған деформациялық жіктерінің су қайтаратын науаларын тазалау;
- қабаттарды ашық типті деформациялық жіктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;
       - ашық типті деформациялық жіктердің күрделі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау;
       - жаяу жүргіншілер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;
       - суды жіберуге арналған жаяу жүргіншілер жолдары шығырларындағы терезелерді тазарту;
       - көпірдің жаяу жүргіншілер жолы мен жүру бөлігінің арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты білеуінің астындағы кеңістікті балшықтан, қардан және мұздан тазалау;
       - сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белгілерін кір мен қардан тазалау;
       - арқалықтардың үстін кірден, жағылған топырақтан, өсімдіктерден тазалау;
       - арқалықтардың тірек тораптарын жуу;
       - тірек бөліктерін қардан, кірден тазалау;
       - тірек бөліктерінің жұмыс істейтін үстіне графитті құрылыстарды жағу;
       - темір тірек бөліктері бекіткіштерінің бұрандамаларын тарту;
       - тіректердің бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау;
       - конустар мен еңіс бекіністерін кірден, шөптен және талдардан тазалау;
       - тіректердегі мұзды уату және мұзды кесу;
       - сең жүру және тасқын суларды өткізуді ұйымдастыру;
       - байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;
       - көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру;
       - қоқыстарды және кесілген ағаштарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы көпір аймақтарынан арақашықтығы 15-25 метрдегі, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды шабу, көпір астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;
       - темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;
       - шағын көпірлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;
       - сел жүруді, тасқын суларды жіберу, жолдар мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, орман және дала өрттерінен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары;
       - паромдық жолдарды, реттелетін су өткізгіш құрылыстардың шандорлы қалқалағыштарын күтіп ұстау және қызмет көрсету; навигациялық жабдықтар құралдарын орнату жұмыстары, көпір алдындағы учаскеде жүзу, кеме жүзетін құралдарды күтіп ұстау және көшенің көпір құрылыстарына кіреберістердегі түбін тереңдету және түбін тазарту жұмыстарын жүргізу;
       - құрылыстардың жеке элементтерін (тірек бөліктері, сүйеніштер, тосқауыл қоршаулары, төсеніштер, діңгектер, тіреуіштер, дуал қабырғалары, құрғату құрылғылары және т.б.) қондыру, ауыстыру және жөндеу;
       - көпірлердің темір элементтерін жергілікті сырлау;
       - көпірлердің, жол өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;
       - деформациялық жіктерді ұсақ жөндеу;
       - деформациялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;
       - деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктердің алдындағы төсемді алмастыру;
       - аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;
       - аяқ жолдардың цемент-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;
- үйінділердің шайылған жергілікті жерлерін және реттеу құрылыстарын жою;
- үйіндісі бар көпірлердің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды себу, осы жерлердегі суды бір уақытта жою;
       - тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу;
      10) ғимараттар, өндіріс базалары, жол зертханалары және пайдалану қызметі мен ақы алу пункттерінің аула алдындағы құрылыстары мен қосалқы құрылыстары бойынша:
       - ғимараттарды, өндіріс базаларын, жол зертханаларын, аула алдындағы құрылыстар мен қосалқы құрылыстарды және ақы алу пункттерін жүйелі түрде күтіп ұстау (шатырларын, суағар құбырларын, науаларын, түтіндіктерін тазалау, су өткізу және канализациялық құрылғыларды тазарту, ішетін және техникалық суды тасу, септиктерді тазарту және басқа жұмыстар), жол қызметі ғимараттарының аулаларын, үй-жайларын және кіреберіс жолдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау, өрттен қорғау, күзет сигнализациясын, күзет қызметін, оның ішінде әскерилендірілген, диспетчерлік қызметті күтіп ұстау, аумақты жарықтандыру, сугазжылуэлектржабдықтары, радио байланысты қамтамасыз ету және оларды жұмыс күйінде күтіп ұстау;
      - регламенттелген мерзімде уәкілетті органда зертханалық жабдықтарды тексеру және тиісті сертификатты алу;
       - жаңа материалдарды қосу немесе қоспау арқылы күрделі, кемелденген, ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жол-жөндеу қызметтерінің ғимараттарына мемлекеттік меншікте тұрған кіреберіс жолдарды жөндеп кескіндеу;
       - сылақтарды түзету, қабырғаларды, едендерді, төбелерді, шатырларды, аралықтарды, терезелер, есіктер және сол сияқтыларды сырлау және ақтау, түсқағаздарды жабыстыру және ауыстыру, шыныларды салу және ауыстыру. Жеке элементтерін алмастыру арқылы қалқаларды, қабырғаларды, төбелерді, шатырларды, аралықтарды, терезелер, есіктер, пештер, құдықтар, ұңғымалар, су құбырлары, канализациялық желілер, байланыс желісін, жылумен қамтамасыз ету, желдету, жарықтандыру жүйелерін және электр құрылғыларын алмастыру, зертханалық жабдықтарды алмастыру және жөндеу;
      11) қосымша қысқы күтіп ұстау жұмыстарына жататындары:
       - көк тайғаққа қарсы материалдарды әзірлеу;
       - көк тайғаққа қарсы материалдарды дайындау;
       - қардан қорғану құралдарын (қалқандар, кішкене қоршаулар, шарбақтар және сол сияқтылар) әзірлеу;
       - қардан қорғану шарбақтарын, қалқандарды, панельдерін және басқа да қардан қорғану құрылғыларын орнату, бөлшектеу және жөндеу;
       - жолдарды патрулдік қардан тазалау, жолдарды қарлы борасындардан аршу, жолдардың жүру бөлігін қарлы жамылғыдан тазалау, жиектерден, еңістерден және резервтерден қарлы дуалдардан жою;
       - жол белгілері мен тосқауыл қоршауларын қарлы борасындардан тазалау;
       - жүру бөлігін фрикциялық, химиялық және басқа да көк тайғаққа қарсы материалдармен өндеу және оларды кейіннен жүру бөлігінен қажетті уақыттан кейін тазалау;
       - автобус аялдамаларын, павильондарды, демалыс алаңдарын және жол қызметі объектілерін қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау;
       - қар тоқтату үшін автомобиль жолдарының бойынан қар борасындары мен орларын құру;
       - қар көшкініне қарсы іс-шараларды жүргізу;
       - мұз басумен күрес;
       - жол-жөндеу қызметі ғимараттарын, жол техникасының тұрақтары мен жылыту пунктерін жылумен қамтамасыз ету;
       - тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететін жол белгілерін орнату;
       - ауыр ауа-райы жағдайларында жол-жөндеу қызметі жұмысшыларының қатарынан және жол техникасын тәулік бойы күзетуді ұйымдастыру;
      20. Көшелерді көгалдандыру қарлы және құмды борасындардан, мүжілуден қорғау және сәулеттік-көркемдік безендіру үшін орындалады. Көгалдандыру өндірістік базалардағы орман ағаштарын, жасыл өсімдіктерді, көлік айрықтарындағы гүлзарларды, гүл бақшаларын, көгал алаңдарын күтуді, оларды жасау, қалпына келтіру және сәнді безендіруді құрайды.
      21. Ағаш отырғызуды күтуге мынадай жұмыстар жатады:
      - жер қыртысын күту (трактормен культиваторлау, қатарлардағы жер қыртысын қопсыту, арам шөптермен химиялық күрес);
      - орман жолақтарын жырту;
      - шабу;
      - жол бойындағы өсімдіктердегі зиянкестермен және аурулармен күресу;
      - өндірістік базаларда жаңа өсімдіктер отырғызу, қазіргі жасыл өсімдіктерді суару және күту.
      22. Ағаш отырғызу, қалпына келтіру және сәнді безендіруге мынадай жұмыстар жатады:
      - ағаш отырғызуға жер қыртысын дайындау, сәнді безендіру және көшеттерді өсіру;
      - орман алқаптарын салу және соның ішінде өндіріс базаларын сәнді безендіру;
      - орман алқаптарын толықтыру мен салу және сәнді безендіру;
      - құдықтарды, ұңғымаларды, суаратын су құбырларын және құрғату орларын салу.
      23. Айрықтардағы гүлзарларды, гүл бақшаларын, көгал алаңдарын және сәнді өсімдіктерді күтуге мынадай жұмыстар жатады:
      - жер қыртысын дайындау;
      - көшеттерді өсіру;
      - отырғызу, суару және отау;
      - арам шөптерді жинау;
      - күзде біржылдық өсімдіктерді жинау.
      24. Өзге жұмыстарға жататындары:
      - жолдар мен жол құрылыстарын күзеттік, оның ішінде мамандандырылған және өрт күзеті;
      - жолдардың жай-күйін және жол жүруді анықтау мақсатында жолдарды патрульдеу, ұсақ жұмыстарды орындау (жол белгілерін түзету, жүру бөлігі мен жиектерден жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бөтен заттарды жинау), жолдарда жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету;
      - жол бойы жолақтарында уақытша тыйым салынған өсімдіктермен және зиянкестермен химиялық және механикалық күрес.

3. Көшелер мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу

      25. Көшелерді ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, көшелерде авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ көшелерді шұғыл қалпына келтіру және тәртібімен орындалатын жұмыстар кешенін қарастырады.
      Қаржыландыру нормативтеріне сәйкес ағымдағы жөндеуге бөлінген қаржы шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша жолдарды тексеру нәтижелері негізінде жоспарланады. Жұмыстарды бағдарлы тәсілмен орындау кезінде жұмыстарды сметалық есептер негізінде орындауға жол беріледі. Мүмкін болатын үдеудің және олардың аса маңызды бұзылуларға айналуының алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберінде ақаулықтар мен бұзылуларды жою жұмыстарын толығымен орындамауға жол берілмейді.
      26. Көшелер мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:
      1) жер төсемі және су қайтарғыш бойынша:
      - дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша учаскелерін көтеру және кеңейту, кішкене иірім учаскелерді жою;
      - қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;
      - тұрақты шымды жабынды құру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізу арқылы жер төсемі мен резервтердің жиектерін шөппен себу, опырылған, мүжілген жерлерді, сең шығарындыларын тазалау;
      - жиектерді себу, шабу, жоспарлау және бекіту;
      2) жол жамылғылары бойынша, соның ішінде монолитті цемент-бетон төсемдері бойынша:
      - сегменттердің тозған бетін қалпына келтіру, цемент-бетон төсемдері тақталарының сынықтары мен омыруларын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, цемент-бетон төсемдерін беттік бұзылулардан қорғау;
      - соның ішінде жиналмалы темір-бетон төсемдері бойынша:
      - темір-бетон төсемдеріндегі жіктерді жөндеу және толтыру;
      - жеке тақталарды көтеру және тегістеу, тақталардың сынықтарын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, төсемдерді беттік бұзылулардан қорғау;
      3) жасанды құрылыстар бойынша:
      - аяқ жолдардың ақаулық жіктерді алмастыру;
      - үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;
      - болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;
      - ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;
      - су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);
      - жаяу жүргіншілер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;
      - су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;
      - аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
      - аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;
      - оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;
      - жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;
      - көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);
      - көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;
      - гидрооқшаулауды жөндеу;
      - жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;
      - жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;
      - жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;
      - аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;
      - қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;
      - құрылғылардағы жарықшақтарды бiтеу, қалаңдыларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды жекелеп алмастыру;
      - орлар арқылы өтпелi және көшпелi көпiрлердi ауыстыру және түзету;
      - аспалы көпiрлердiң, паромдық өтпелердiң және айлақ құрылғыларын (тығындау, қаптаманы жөндеу, такелажды және соған ұқсастарды түзету);
      - өтпелi тақталардың жанасу тораптарын герметизациялау;
      - деформациялық жiктердiң ағуын бұрандамаларды тарту арқылы жою;
      - сырғанау тақталарының деформациялық жiктерiн дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетiспейтiн серiппелердi орнату;
      - деформациялық жiктердiң механизмдерi мен құрылғыларын ұсақ жөндеу;
      - құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;
      - жеке тойтармаларды алмастыру, темiр аралық құрылыстар элементтерiнiң ұсақ ақаулықтарын түзету;
      4) Қозғалыс, байланыс, жарықтандыруды ұйымдастыру объектiлерiне жолдарды салу және жайластыру бойынша:
      - көше учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, сондай-ақ жол үстіндегі жол өтпелерін жөндеу және жаңаларын салу;
      - шығу және кіру жолдарын, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;
      - сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, электронды және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру объектілерін жөндеу.
      27. Қауіпті ақаулықтарды және елеулі өзгерістерді және жергілікті учаскелердегі жол төсемінің бұзылуларын жою кезінде негiздiң қабаты үшiн алынған материалды кейiннен пайдалану және төсемнiң жаңа қабатын салу арқылы қауiптi ақаулықтар мен бұзылуларды жою мақсатында төсемнiң енi бойынша жергiлiктi жерлердi қайлау.

4. Көшелер мен жол ондағы құрылыстарды орташа жөндеу

      28. Орташа жөндеу көшелер мен жол құрылыстарының алғашқы пайдалану сапасын қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды кезеңді орындауды көздейді.
      29. Орташа жөндеу кезінде жол жамылғысының тозған қабатын және тегістілігін кезеңді қалпына келтіру, сондай-ақ жер төсемінің, су бұрғыштардың, жасанды, қорғау, бекіту, реттеу және басқа жол құрылыстарының бұзылуларын түзету жүргізіледі.
      Орташа жөндеу бойынша жұмыстар көлемдерін ақаулықтар тізбесінің негізінде жасалған сметалық есептер анықтайды.
      30. Көше мен жол құрылыстарын орташа жөндеу кезінде мына жұмыстар орындалады:
      1) жер төсемі және су бұрғыш бойынша:
      - дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша учаскелерін көтеру және кеңейту, кішкене иірім учаскелерді жою;
      - қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;
      - тұрақты шымды жабынды құру бойынша қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізу арқылы жер төсемі мен резервтердің жиектерін шөппен себу, опырылған, мүжілген жерлерді, сең шығарындыларын тазалау;
      - жиектерді себу, шабу, жоспарлау және бекіту;
      2) жол жамылғылары бойынша:
      - жетілдірілген қоспаларды қолданумен үстіңгі қабатты өндеу;
      - жетілдірілген төсемнің тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажетті жағдайда қабатты тегістейтін және үстіңгі қабатқа немесе жөнделетін учаскенің барлық ұзындығына тозу қабатына өндеу жүргізу арқылы жеке және иірімді учаскелерде жол жамылғысын салу;
      - асфальт-бетон қоспасының қажетті мөлшерін қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қалпына келтіру;
      - жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды, оның үстіне асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау және қалпына келтіру;
      - жаңа материалдарды және жұмыс өндірісінің технологияларын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;
      монолитті цемент-бетонды төсем бойынша:
      - цемент-бетон төсемдерін қалпына келтіруге жатпайтын тозған тақталарын алмастыру, цемент-бетон төсемдеріндегі бойлық және көлдеңен жыртылған жерлерді ою;
      жиналмалы темір-бетон төсемдері бойынша:
      - тозған тақталарды алмастыру, темір-бетон төсемдерінің жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;
      - қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темір-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерінің жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;
      - шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын, сондай-ақ материалдар қолдану арқылы топырақты жолдарды қалпына келтіру;
      - қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдармен жақсарту;
      - вираждарды салу және қозғалыс үшін қауіпті қисық көрінулерді қамтамасыз ету;
      - жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу;
      3) жасанды құрылыстар бойынша:
      - ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;
      - су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);
      - жаяу жүргіншілер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;
      - су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;
      10 сантиметрден асатын отыру кезінде үйінділері бар көпірмен жанасқан тораптарды жөндеу (шағылтасты себу арқылы қосымша төсемнің есебінен тегістеу);
      - үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;
- жол жамылғысын қалпына келтіру арқылы ауыспалы тақталардың жеке ығысуын жою;
      - тақталарды ашу арқылы оларды жуу кезінде ауыспалы тақталардың астына топырақ себу;
      - болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;
      - жұмыстар жол жамылғысы деңгейінде орындалған кезде шайырлы және резеңке толтыратындары бар жабық типті ақаулық жіктерді алмастыру;
      - аяқ жолдардың ақаулық жіктерді алмастыру;
      - аяқ жолдардың төсемдерін тегістеу, жаңа төсемді салу;
      - аяқ жолдардың блоктарындағы жалпақ саңылаулардың шұңқырларын бітеу, аяқ жолдардың алдын қорғау төсемімен өндеу;
      - аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
      - аяқ жолдардың блоктарындағы жапсарларды басу және оқшаулау;
      - аяқ жолдардың қалпына келтіру, жеке бұзылған блоктарды күшейту немесе алмастыру;
      - аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;
      - оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;
      - жеке секцияларды жөндеу, сүйеніштердің жеке тіректерінің анкерлерін күшейту;
      - барлық ұзындығында немесе көпір құрылысы ұзындығының бөлігінде сүйеніштерді алмастыру;
      - барлық ұзындығында сүйеніштерді сырлау;
      - жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;
      - бетон құрылымының барлық үстіңгі бетін (тақталар, қабырғалар, аралықтар және басқа элементтер) гидрофобизациялау немесе сырлау;
      - диафрагманың жапсарларын жөндеу;
      - көпірлер мен жол өткізгіштерді жартылай қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ техникалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес келетін нормаларға габариттері мен есептік салмақтарын жеткізу арқылы су өткізгіш құбырларды толық немесе жартылай қайта құру;
      - көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);
      - алдын ала-кернеулі темір-бетон және темір аралық құрылыстардың құрылыс көтермесін бақылау;
      - көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;
      - жаяу жүргіншілер жолдарының блоктарындағы жіктерді басу, жаяу жүргіншілер жолдарында төсемдер салу;
      - қоршауларды жөндеу немесе қайта жаңарту;
      - материалдар мен құрылымдарды алмастыру арқылы ақаулық жіктерді жөндеу;
      - гидрооқшаулауды жөндеу;
      - жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;
      - көпірдің жүру бөлігіндегі судың бұрылуын жақсарту, су бұрғыш түтіктер мен терезелерді алмастыру;
      - темір-бетон құрылымдарының алдыңғы бетін гидрооқшаулауды, басты арқалықтардың бетін сырлау;
      - жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;
      - темір аралық құрылыстарды тегіс сырлау;
      - арқалықтардың бір-бірімен байланысуын қалпына келтіру;
      - құрғатқыш пен су бұрғышты, өтпелі тақталарды алмастыру арқылы көпірдің үйіндімен жанасқан жерін жөндеу;
      - жер төсемі және реттеу құрылыстары жиектерінің бекіткіштерін жөндеу;
      - жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;
      - темір аралық құрылыстардың жеке элементтерін күшейту, алмаспайтын фермалары бар көпірлерде торлардың элементтерін түзету;
      - аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;
      - тірек бөліктерінің жобалық қалпын жөндеу және қалпына келтіру;
      - тіреу алаңдарындағы ағындыларды жөндеу және қалпына келтіру;
      - қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;
      - аралық құрылыстар мен тіректердің көру құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру;
      тіректерді жөндеу;
      - темір-бетон аралық құрылыстардың шығып тұрған жерлеріндегі тірек бөліктерін күшейту;
      - құбырлардың жеке буындары мен бастарын алмастыру немесе жөндеу, оқшаулануы мен жапсарларын түзету;
       - сүйеу қабырғаларын, бекіту және реттеу құрылыстарын жөндеу, галереялар мен бастырмаларды, сондай-ақ, олардың жеке элементтерін алмастыру;
      4) қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілеріне көшелерді салу мен жайластыру бойынша:
      - елді мекендер арқылы өтетін жол учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу және жаңасын салу;
      - жаңа жеке қоршауларды салу, жөнделетін учаскелерде жаңа жол белгілерін және сілтеме құрылыстарын орнату және ауыстыру (қалпына келтіру), жеке айрықтарды, демалыс алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, көрнекті орындарды сәулеттік безендіру және абаттандыруды қоса алғанда, қоршауларды жөндеу;
      - қар тоқтатуға негізделген қажеттігіне қарай тұрақты қар тоқтататын дуалдырды салу;
      - шығу және кіру жолдарын, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;
      - сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, электронды және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру объектілерін жөндеу және салу;
      - көше ақпараттық жүйелерін және кешендерін, жеке жобалау белгілері мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлік және автоматтық басқару элементтері мен жүйелерін; ауыспалы ақпараты бар автономды және дистанциялық басқару белгілері мен таблоларын, бағдаршам объектілерін қалпына келтіру;
      - көшелерді (автопавильондар, тіреу қабырғалары, ақпараттық панно және басқа құрылыстар) салу элементтерін жөндеу;
      5) Көшені пайдалану жай-күйін және көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін жұмыстардың басқа түрлері.

5. Көшелер мен ондағы құрылыстарды күрделі жөндеу

      31. Көшелерді күрделі жөндеу жолдың және жол және ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін арттыруға байланысты, атап айтқанда, қолданыстағы көшенің техникалық санатын өзгертусіз жол жамылғысы мен жол құрылыстарының мықтылығының ұлғаюымен кезеңдік жұмыстардың орындауын көздейді.
       32. Күрделі жөндеуге жататын көше учаскелері қызметтің жөндеу аралық мерзімінің негізінде және жол диагностикасының нәтижесінде белгіленеді.
       33. Көше мен көше құрылыстарын күрделі жөндеу - мемлекеттік сараптамадан өткен және қаржыландыру көзінен тәуелсіз құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздеме) және жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу тәртібіне сәйкес бекітілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 "Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы" қаулысымен бекітілген мемлекеттік инвестиция есебінен салынып жатқан жобалардың бекітілген кешенінде орындалады.
       34. Күрделі жөндеу кезінде жекелеген көшелерді қалай жоспарда болса, солай қапталды бойында жөнделіп жатқан жол учаскесінің жалпы ұзындығының ұзақтығы 25%-ға дейін жалпы жолдарды түзетуге рұқсат беріледі.
       35. Жол-пайдалану қызметінің көпірлері мен жол өтпелерін, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар кешенін қызметтің жөндеу аралық мерзімінің және олардың диагностикалау нәтижелері негізінде күрделі жөндеуге бағытталуына болады.
      Күрделі жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:
      1) жер төсемі және субұрғыш бойынша:
      - жер төсемін жөнделетін жол (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру, көрінуді қамтамасыз ету, дөңгелету радиусын ұлғайту, бойлық еңістерін жұмсарту, тік иіндерін және жалтарыстарын құру) үшін белгіленген техникалық санатқа сәйкес нормаларға дейінгі оның геометриялық параметрлеріне жеткізумен түзету, жекелеген жол учаскелерін жіктеу;
      - жер төсемінің нығаюын қамтамасыз ететін шоқталған, шөккінделген және опырылған учаскелерді жою, кәріздерді, оңашаланған қабатшаларын жабдықтау және басқа жұмыстар;
      - қолданыстағыны қалпына келтіру және қайта құру, сондай-ақ субұрғыш жабдықтарға қажетті жаңа құрылыстар, жаңалық қорғау және эрозияға қарсы құрылыстар;
      - көшелерді кесіп өту мен жанасуларында жер төсемдері мен субұрғыш жүйесін құру, сондай-ақ автомобильдерге аялдама, тұрақтар үшін алаңды жайластыру бойынша жұмыстарды орындау, оларға өту-жылдамдық жолағы жабдығымен автомобиль жолдарының өтетін бөлігінен тысқары демалу алаңын, аялдамалық павильондар мен аялдамалық қалташықтар орнату;
      - көшенің күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар аймағында орналасқан жол учаскелерін жоятын жол бойындағы қорларды қалпына келтіру;
      - су тасқыны, сел, нөсерлік және басқа табиғат апаттарын жою;
      2) жол жамылғысы бойынша:
      - жол жамылғысын бір жолақты қозғалыстан арттырмай нығайту (қалыңдату), кеңейту және регенирациялық және қолданыстағы жол жамылғыларын негізі ретінде қолдану арқылы ең жетілдірілген жол жамылғысы түрлерін жабдықтау, сондай-ақ қайта құрылып жатқан (жіктелетін) жол учаскелерінде және тұрғылықты пункттерін айналма және оларға кіреберісте жаңадан жол жамылғысын құру, көліктік айырығы, инженерлік құрылғыда, тротуарда, өту және велосипед жолында, автобус аялдамасында және аялдау қалташаларында, демалу алаңында және автокөлік тұрағында, сондай-ақ олардың өту-жылдамдық жолағында жол жамылғысын жабдықтау;
      цемент-бетон жамылғысы бойынша:
      - ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;
      - ескі цемент-бетон жамылғысын алдын-ала ұсақтаумен және осындай түрде алынған негіз болатын материалды ұқыптылықпен тығыздаумен ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;
      - нығайту қоспасын цемент-бетоннан, армобетоннан, фибробетоннан, түрлендірілген цемент-бетоннан жабдықтау;
      шағылтас пен қиыршық тас жамылғысын, сондай-ақ топырақ жолды жаңа материалдарды қосу арқылы түзету, байланыстыратын материалдармен өту бөлігін жақсарту;
      - жасанды және табиғи материалдардан жасалған тозған бордюрлерді, жетілдірілген жамылғысымен жиектерге бекітілетін жолақтар, соның ішінде негізгі жол жамылғысының түрі бойынша ауыстыру және жаңасын жабдықтау;
       - жол жамылғыларының, жаңа материалдар мен жұмыс өндірісі технологияларының жаңа құрылымын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу.
      3) жасанды құрылыс бойынша:
      - көпірлерді кеңейту мен нығайту арқылы толығымен немесе жартылай, соның ішінде олардың габариттерін реттеумен және есептік жүктеменің қабілеттігіне салмақ түсетін жаяу жүретін, су өтетін, салу, қайта салу (жаңа аралықты қоспастан габариттерін кеңейту арқылы көпірді жөндеу; габаритін кеңейтумен және ригелді ұлғайту мен нығайтумен, жаңа аралықты қосумен бір жағынан немесе екі жағынан тіреуішті кеңейту);
      - металл көпірінің басты аралығы мен фермі элементтерін дұрыстау және нығайту;
- металл аралық құрылымын ауыстыру;
      - көпірдің өтетін бөлігін ауыстыру;
      - су өткізу құбырын салу және қайта салу;
      - құбырлардың буыны мен ауызғы бетін ауыстыру және нығайту;
      - зақымдалған құбырлар сақинасын ауыстыру;
      - жаңа сақина мен ауызғы беті есебінен құбырдың ұзындығын өсіру;
      - дәнекерленген көпірлерді, паром өткелдерін, темір жол өткізулерін тұрақты көпірлер мен жол өтпелерімен ауыстыру;
      - тіреуіш қабырғаларды, қорғаушы нығайтылатын және реттелетін құрылысты құру және қалпына келтіру;
      - қайта салынған және жаңадан салынған көпірлерді салу;
      - тоннельдердің құрастырушы элементтерін, тау жолдарындағы қорғау галереясы мен қалқаларын жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ уақытша галерея мен қалқаларды тұрақтыларға ауыстыру;
      4) пайдалану қызметінің ғимараттары, қосалқы құрылыстары мен өндірістік базалары бойынша:
      - қолданыстағы ғимаратқа қосалқы-көмектесетін және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды қоса салу, сыртқы қабырғалардың шегінде ғимаратты ішкі жаңадан жоспарлау;
      - ғимараттың ақаулықтары мен зақымдалуын 40% дейінгі қабырға мен жамылғы материалдарын ауыстырумен түзету, ағаш фундаменттерді тұрақтыға ауыстыру;
      - орталық жылуды, сумен жабдықтауды, газдарды, канализацияны электрмен жарықтандыруды жабдықтау және қолданып жүрген желіге газ құбыры мен байланыс желісін қосу;
      - есік алдындағы құрылыстарды (үш машинаға дейінгі гараждарды, құдық қоймаларын, қазылған ұра және басқалары), аулалық дуал мен үй жанындағы абаттандыруды ғимараттың құнынан 25% аспайтын бағасымен жабдықтау;
      - жол-пайдалану қызметінің желідегі жұмыскерлерін орналастыру үшін одан әрі осындай үйлерді пайдалану мақсатында жолды күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын орындарда уақытшаның орнына тұрақты түрдегі тұрғын үйлерді, уақытша ғимараттар мен құрылыстарды көзделген сметалық соманың шегінде жол жөндеу бойынша жұмыстар үшін қажетті уақытша ғимараттар мен қосалқы құрылыстар (битумды, тас үгітуші, асфальт-бетонды, цемент-бетонды базалар) салу. Пайдалану қызметінің ғимараттар, қосалқы құрылыстар және өндіріс базалары бойынша осы мақсаттарға арналған жыл сайынғы шығындар ағымдағы жылғы автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген жалпы қаражаттың 10 % аспауы керек.
      - жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін топырақ қорын, жергілікті тас материалдарының кен орындарын және өндірістік кәсіпорындарының шығарындыларын (әкетілетін күл, бокситтік шламдар және басқалары) игеру, оларға кіру жолдарын, энергиямен қамтамасыз етуді, материалдарды қоймалау үшін алаңдарды жабдықтау;
      5) көше қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша жолды жайластыру мен орналастыру;
       көшелердің немесе олардың жекелеген учаскелерін архитектуралық ресімдеу және орналастыру;
      - аялдамалық, түсу алаңын және автопавильонды жабдықау;
      - демалу алаңын (күркемен, су көздерін, қарау шұңқырларын немесе жолдағы және басқаша орналастырылған автомобильді профилактикалық байқау үшін эстакадамен), аялдама немесе автомобиль тұрағына арналған алаңды, аялдау қапталдарын оларға өту-жылдамдық жолағын жабдықтаумен (соның ішінде әр түрлі деңгейлерде), сондай-ақ тұрғылықты пункттер шегінде өтетін қауіпсіздік аралында, тротуарда, жол учаскелеріндегі өту жолдарында жабдықтау;
      - күрделі жөндеу өтіп жатқан учаскелерде тосқауыл шарбағын, бағыттайтын құрылғы мен жол белгілерін жаңадан жабдықтау немесе ауыстыру;
      - өту үшін төмен алу жүйесінің бағдардарламалық-аппараттық кешенін, сондай-ақ нәтижелерінің көлік жүйесін зияткерлік көлік жүйесін жабдықтау және тиісті жабдықты монтаждау;
      - көшелерде бір және әр түрлі деңгейдегі қолданып жүрген кесіп өту мен жанастыруды, сондай-ақ барлық жолдағы немесе оның учаскелеріндегі жекелеген өтпесін, съез бен миражды, линиялық жол қызметі ғимараттарына және жолдың қызмет көрсету кешеніне кіреберісте жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау;
      - қолданып жүрген жазғы трактор жолын, жөндеу кезеңіндегі уақытша айналма жол құрылысын жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау немесе табиғат апатынан қираған жол учаскелерін қалпына келтіру;
      - желілік (телетайптық) көше құрылысының жекелеген жол учаскелерінде, көпірлерінде және өткізу паромдарында электрмен жарықтандыру немесе радиобайланыс пен технологиялық байланыстың басқа құралдарын жабдықтау;
      - жолдар жұмыстарын оның жекелеген элементтерін, құрылыстарын және оның үстінен өтетін көлік ағынын зерттеу үшін қажетті қар өлшейтін және су өлшейтін посттарының және басқа құрылымының қозғалысын есептеу жөніндегі пункттерді құру және жабдықтау;
      - өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында жолақтарды кеңейтуді қоса өткізу пунктін жабдықтау және орналастыру;
      - қоршаған ортаны қорғау (қазандықта тозаң түту құрылғысын орнату, су көздерін ластанудан қорғау және басқа жұмыстар) бойынша шараларды жүргізу;
      - қажетті коммуникациялық жүйелерге қосылу арқылы көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингі үшін өлшеу құралдарын, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қондыру;
      - күзетуді қажет ететін стратегиялық маңызды объектілерді күзет жүйесімен және видео бақылаумен жабдықтау;
      - қажетті коммуникациялық жүйелерге қосылу арқылы жол жүруге ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенін жабдықтау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады