"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 45 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 наурыздағы № 2551 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1 Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қанат Оспанұлы Аққоевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Құлекеев

  Жуалы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 45 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Мекеменің заңды орналасқан жері: пошталық индексі 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, үй № 12.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
      13. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      1) Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) қолдағы бар экономикалық потенциалдармен: жер, су, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының мүмкіндіктері тиімді пайдалануға ықпал ету және осының негізінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді, диверсификациялау, ұйымдастыру;
      2) ауыл шаруашылығын ғылыми негізде жүргізу және өндіріске жаңа технология енгізу мақсатында Респуликаның ғылыми зерттеу институттарымен шартқа отырып, олармен бірге жұмыс атқару;
      3) аудан агроқұрылымдарын сапалы және жоғары репродукциялы ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарымен қамтамасыз ететін шаруашылықтарға үстеме қаржы бөлуді (дотация) ұйымдастыру;
      4) аудан агро құрылымдарына жеңілдетілген бағамен жанар-жағар май беру жұмыстарын ұйымдастыру;
      5) суармалы егістік жерді сумен қамтамасыз етуді, суландыру жүйесін тиімді пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру;
      6) экономикалық реформаларды тереңдете отырып аудан шаруа қожалықтарының, ауыл шаруашылық серіктестіктері және кооперативтерінің, азық-түлік өндірісінің өркендеуін, олардың материалдық базасының нығаюын, өндіріске ғылымның жетістіктері мен озық, жаңа, энергия мен байлықтарды үнемдейтін технологияларды жедел енгізе отырып, еңбек өнімділігін, өндіріс тиімділігін арттыру қызметтерін үйлестіру;
      7) агрохимиялық, егін қорғау және карантин қызметтеріне басшылық ете отырып, егінді зиянкестерден, аурулардан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастырып, минералды және органикалық тыңайтқыштартардың, борлайтын әктердің басқа да минералды тиімді пайдалануын қадағалау және сұраныстарын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;
      16. Өкілетті органның функциялары:
      1) Коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлік бекітіп береді;
      2) Коммуналдық мемлекеттік мекемені ұстауға қажет (шығын жоспарын) сметаны бекітеді;
      3) Коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;
      4) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Ережесін бекітеді, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      5) Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару органдарының құзырының мерзімін және құру тәртібін, құрылымын, мемлекеттік мекемемен шешім қабылдау тәртібін анықтайды;
      6) Коммуналдық мемлекеттік мекеме бастығының жауапкершілігін және міндетін, құқығын, оны лауазымнан босату негізін анықтайды;
      7) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымын және шекті штат санын бекітеді;
      8) Жылдық қаржы есебін бекітеді;
      9) Заңнамамен бекітілген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары:
      Бөлім өз функцияларын және жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық-талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға;
      2) өз құзырының шегінде ауыл шаруашылығы мекемелерден, жергілікті атқарушы органдардан, шаруа қожалықтардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға құқылы;
      3) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, шаруа қожалықтардың жұмысын үйлестіреді;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

      18. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерің орындалуына және оның фукцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Аудан Әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2) Барлық органдарда мекеме мүддесін қорғайды;
      3) Бөлімнің қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
      4) Мекеме мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
      5) Банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
      6) Барлық жұмыскерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
      7) Мекеме жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
      8) Жұмыскерлерді марапаттайды және шара қолданады;
      9) Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      10) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауап береді;
      11) Мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      12) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша мекеме өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилигирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
      13) Заңдылықпен және осы Ережемен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.
      "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезіңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
      "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі мемлекетпен берілген мүліктен және ол негізгі қордан және айналымдағы қаражаттан, сондай ақ құны мекеменің дербес балансында көрсетілген бағалы заттардан құралады.
      22. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі республикалық /коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

      24. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады