"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 73 қаулысы. Жамбыл облысыӘділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 2578 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Қанай Әлібекұлы Жүзбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Құлекеев

  Жуалы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "18" ақпандағы
№ 73 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, аудандық бюджеттің толық, уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету және аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді тиімді басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесініңқұрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның мекен-жайы: индексі: 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, Е.Сауранбекұлы көшесі, 2 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      аудан бюджетін толық, уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету және аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді тиімді басқару.
      15. Міндеттері:
      1) аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
      2) аудандық бюджеттің түсімдері мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды,бекітеді және оған өзгерістер енгізеді;
      3) аудандық бюджеттің қаражат есебінен бюджеттік кредитердің берілуін, қызмет көрсетілуін, оларды есепке алуды, мониторингі мен қайтарылуын қамтамасыз етеді;
      4) аудандық бюджеттің атқарылуына мониторинг жүргізеді;
      5) аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілікті жасайды;
      6) аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жиынтық есептілікті жасайды;
      7) аудандық бюджеттің атқарылуы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      8) аудандық коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру жүйесін ұйымдастырады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      9) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жоспарыныың құрылуы және бекітілу дұрыстығына бақылауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      16. Фукциялары:
      1) тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы аудандық мәслихат шешімінің жобаларын әзірлеуге, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ, тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы аудандық әкімдік қаулысының жобасын әзірлеуге қатысадды;
      2) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарларын әзірлеуге қатысады;
      3) бюджет түсімдерін болжауға және аудан бюджетіне кірістер түсу саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысуды;
      4) қарызға алу арқылы ақша тарту үдерісін ұйымдастыруды;
      5) аудандық бюджеттің және аудан бюджетінің атқарылуы туралы есептерді бюджеттік заңнамаларда белгіленген формада және мерзімде құруды және ұсынуды;
      6) аудан әкімдігіне аудандық бюджеттің атқарылуы туралы бюджеттің уақытылы және тиімсіз атқарылуының себептерін көрсете отырып және аудандық бюджеттің бұдан былайғы атқарылуы бойынша әдістемелер жөніндегі ұсыныстармен бірге мәлімет ұсынуды;
      7) заңнама қолдану практикасын талдау, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау, өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуді және дайындауды (немесе қабылдауды);
      8) аудандық мүлікті мақсатты және тиімді пайдалануына бақылау жүргізуді;
      9) аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
      10) аудандық коммуналдық кәсіпорындардың таза кірістерінің акционерлік қоғамдық акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің және аудандық коммуналдық меншікте мемлекеттің қатысу үлестері бар заңды тұлғалардың қатысу үлестеріне кірістердің дұрыстығын бақылайды;
      11) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
      12) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
      13) аудандық коммуналдық мүліктің есепке алуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
      14) аудындық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелеедіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      15) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беруді ұйымдастырады;
      16) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелер орындауын, жалға беру (жалдау) мүліктің шарттары жағдайларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      17) өзіне осы Ережеде және Қазақсатан Республикасының өзге заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамаларының негізінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалайды.
      17. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, жергілікті атқару органдардан өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) коммуналдық меншікте тұрған акционерлік қоғамдағы мемлекеттік үлеске және коммуналдық басқа да мүлікке йелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ, заңнамалық актілерде және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген жағдайларда билік етуге;
      3) бөлімнің қармағындағы мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;
      4) жергілікті атқарушы органдардан ауданның бекітілген бюджеті туралы жиынтық деректер мен олардың атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден шығыстар-сметаларының атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді алуға;
      5) жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы Қазақсатн Республикасының бюджет заңнамалары талаптарының бұзылуы себептеріне баға беруге, сондай-ақ, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тиімділігі мен орындалғанына баға беруге;
      6) өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағынысты заңды тұлғалар орындауға міндетті нормативтік- құқықтық актілер шығаруға;
      7) бөлім осы Ережеде бекітілген қызметтердің мақсатында, міндетіне және әрекетіне сәйкес келмейтін жұмыстарымен, меншік иесі тағайындаған уәкілетті органның рұқсатымен ғана айналыса алады;
      8) бөлімнің функциясына сәйкес келмейтін келісімдер меншік иесінің немесе уәкілетті органның талап ету бойынша, заңнамада анықталған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін;
      9) егер, бөлімге заң актілерінде кірістер акелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жолданады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.
      21. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) бөлім басшысы дара басшылық принципімен әрекет етеді және мекеме қызметіне байланысты барлық мәселені уәкілетті орган берген құзыретінің шегінде және осы Ережеге сәйкес дербес түрде шешеді;
      2) "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      3) барлық органдарда "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      4) "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
      5) банкте есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
      6) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
      7) "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      8) қызметкерлерді марапаттау және оларға шара қолдануды анықтайды;
      9) "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілері жіберілсе, сол үшін бөлім басшысының дербес жауаптылығы белгіленеді;
      10) "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады