"Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 47 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 ақпанда № 2524 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 419 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімдігінің 15.12.2016 № 419 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Иманалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Досаев

  Қордай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 02 ақпандағы
№ 47 қаулысымен бекітілген

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс салу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
      3. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 080400, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 102 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағындағы елді мекендерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      Бюжеттен қаржыландырылған нысандарының жобалық және құрылыс жұмыстарындағы тапсырушы функцияларын атқару. Қазақстан Республикасының Үкіметінің бекітілген реті бойынша кешендер мен нысандардың құрылысы кезіндегі мониторингті жүргізу, заңды түрде пайдалануға берілетін нысандарды қабылдау және тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру.
      15. Міндеттері:
      1) ауданда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттің саясатын жүргізу;
      2) нысандар мен кешендердің дұрыс орналастыруын, жергілікті басқару органдарына дайындау және ұсыныс енгізу;
      3) аудан деңгейіндегі кадастр жұмыстарын жүргізу;
      4) аудан аумағындағы құрылыс жұмыстарын жүргізуі, құрылыс ұйымдарының жұмысын Қазақстан Республикасында әрекет ететін құрылыс нормаларымен ережелеріне сәйкестігіне талдау жасау;
      5) ауылдық округ әкімдері мен басқа мемлекеттік органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіру және оларға бақылау жасау;
      6) құрылыс бойынша аудан деңгейінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мен осы салада жұмыс істейтін құрылыс ұйымдарын қолдау;
      7) құрылыс қатынастарында мемлекеттік реттеу қатынастарына қатысу, аудан аумағында жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың құрылыс саласындағы қызметін реттеу. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша, облыс әкімдігінің құрылыс департаментімен және аудан әкімдігінің барлық бөлімдері мен ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;
      8) құрылыс мәселелері бойынша әкімдік отырыстарына материалдар дайындау барысында қатысу;
      9) құрылыс саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру кезінде қатысу;
      10) құрылыс ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметіне байланысты жаңа технологияларды өңдеуге байланысты қамтамасыз ету;
      11) аудан аумағында құрылыс саласында жұмыстардың сапасын жақсартуға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми-тәжірбиелік іс-шаралардың өткізілуі мен дайындық жұмыстарына қатысу;
      12) ауданның бұқаралық құралдары арқылы құрылыс қызметтерінде екпінді түрлерін жарналау;
      13) Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметтің актілерін орындалуын ұйымдастыру, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын орындалуын қамтамасыз ету;
      2) аумақтарда кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытудың ағымдағы және келешектегі міндеттерін шешуге, олардың мемлекеттік, қоғамдық және өзге де ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта тіршілік етуін жетілдіруге бағытталған, аудан аумағындағы құрылысты, құрылыс индустриясын кешенді дамытудың біртұтас стратегиясын қалыптастыру мен жүргізу;
      3) елді мекендерді дамыту мен жаңарту процессіндегі сәулеттің идеялық-көркемдік деңгейін жоғарлату, сәулеттік қала құрылысы ансамбльдерінің, салынып жатқан үйлер, ғимараттар, үй-жайлар мен мәдени-тұрмыстық, өнеркәсіп және ауылшаруашылығы объектілерінің көркемдік шешім табуын қамтамасыз ету;
      4) тұжырымдамаларды орындау кезінде оларды әзірлеу және реттеу, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылыс бағдарламаларының дамуын, инженерлік - техникалық шешімдерді және эстетикалық сұрақтарды, аумақтарды көгаландыру, абаттандыру және жобалық методикалық қамтамасыздандыру;
      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс сұрақтары бойынша ауылдық округ әкімдерін және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіру және қадағалау;
      5) салынған құрылыстар кешенін, реконструкциялау сәулеттік және мәдени құндылығы бар және қоғамдық ғимараттар мен үй-жайларды жетілдіру және күрделі жөндеу, реконструкцияланатын аумақтар мен жекеленген объектілердің инженерлік қондырғыларының жүйесін дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау;
      6) ғылыми-техникалық, әдістемелік ақпарат тарату, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы республикалык және шетелдік ғылым мен техника жетістіктерін насихаттау;
      7) ұсынылған құжаттары негізінде барлық құрылыс түрлері үшін (азаматтық-тұрмыстық, өнеркәсіптік, коммуналдық, энергетикалық, көліктік және сәулет, қала құрылыс және құрылыс сұрақтары бойынша) аудан әкімі аппаратына ұсыныстар дайындау және енгізу;
      8) жеке және заңды тұлғалардың жобалық және құрылыс қызметіне жәрдемдесу;
      9) жергілікті сәулет, қала құрылысы және құрылыс өкілетті органының өнеркәсіп нысандарын, магистральды инженерлік коммуникациялар мен көліктік құрылыс нысандарының нормативтік талаптарға сәйкестігі бойынша қабылдап алуға қатысуын қамтамасыз ету;
      10) мемлекеттік органдарға тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудағы олардың тарихи, мәдени және сәулет ескерткіштерін қорғау, жаңғырту және пайдалану мен оларды қорғалатын аймақ орнату жөніндегі қызметін жүзеге асыру;
      11) кезекшілік-оперативтік жоспарлар жүргізу;
      12) жобалау-жоспарлау, жекеленген ғимараттар мен үй-жайлар жобаларының, барлық инженерлік коммуникациялар, сондай-ақ сәулеттік-құрылыстық бақылау қызметтерінің құжаттарын мерзімсіз сақтайтын техникалық мұрағат ашу;
      13) ауданның ведомстволық бағынышты аумағындағы облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
      14) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мен оларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар әзірлеуіне қатысу.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде Қордай ауданы аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы бойынша Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі мен әкімдік актілерін және басқа да нормативтік актілер жобаларын әзірлеп, аудан әкімдігінің қарауына енгізу;
      2) қарамағындағы аумақтарда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттің саясатын жүргізу;
      3) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы қала құрылысын игеру кезінде құрылыстың және басқа жобалық құжаттамасын сәулет, қала құрылысы белгілеген тәртіпте және мемлекеттік нормативте бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы туралы заң нормаларын сақтау бойынша өз қарамағындағы нысандарға бақылау жүргізуін қамтамасыз ету;
      4) нысандар мен кешендердің дұрыс орналастыруын жергілікті атқару органдарына ұсыныс енгізу;
      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы бойынша белгіленген тәртіппен азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, ұсыныстарын, арыз-шағымдарын қарау;
      6) белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардан жеке меншігіне және ведомстволық қарамағына қарамастан мемлекеттік мекемелерден ақпарат сұрату және алу;
      7) өз құзыреті шегінде соттарда, мемлекеттік биліктің өзге де органдарында аудан әкімдігінің мүдделерін білдіру;
      8) бекітілген бас жоспарға сәйкес салынатын тұрғын үйлер мен қоғамдык үй-жайлардың типтері мен қабаттылығын сақтау, типтік жобаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жекеленген азаматтық-тұрмыстық және коммуналдық нысандардың жобаларын әзірлеу жөніндегі мәселелерді үйлестіру;
      9) алдын ала келісім бойынша белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдары берген, белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау-жоспарлау құжаттарын, нормативтік талаптар мен сәулеттік-жобалау тапсырмаларын бұза отырып орындалып жатқан құрылыс, реконструкциялау, жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға еш кедергісіз кіруге, сондай-ақ нормативтік және сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс талаптарына сай келмейтін жобаларға келісім бермеу;
      10) қала құрылысы тәртібін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы бойынша қолданылып жүрген заңнаманы бұзған тұлғаны әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізу;
      11) тапсырыс қызметімен бірлесе отырып, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер, сондай-ақ жеке құрылыс салушылар үшін міндетті сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
      12) аудандық деңгейде қала құрылысы мемлекеттік кадастырын жүргізу;
      13) нысандарды қабылдау, мемлекеттік комиссия құрамында қатысу;
      14) мекеме осы Ережеде бекітілген қызмет мақсатына және мәніне сәйкес келмейтін қызметтермен өкілетті органның рұқсатымен ғана айналыса алады;
      15) мекеменің функциясына сәйкес келмейтін келісімдер меншік иесінің немесе өкілетті органның талап етуі бойынша заңнамада анықталған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін;
      16) аудан әкіміне құрылыс саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
      17) бөлімнің құзыретіне енетін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау және басқа материалдардың дайындалуын жүзеге асыру;
      18) ауылдық округ әкімдерінің, бюджеттік кәсіпорындардың және ұйымдардың құрылыс мәселелері бойынша қызметін үйлестіру, бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша олардың қызметіне басшылық ету және бақылау жүргізу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2) барлық органдарда "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      3) "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз орынбасарларының және басқа да бөлім қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
      4) "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
      5) "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі банкіде есеп-шоттар ашады, мәмілелер жасайды;
      6) "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
      7) "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
      8) "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерді марапаттау және оларға шара қолдануды анықтайды;
      9) "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі;
      10) "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады