2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 362 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 ақпанда № 2930 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарысу ауданында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Асановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі Б. Жайлыбаев

  Сарысу ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 362 қаулысына қосымша

Сарысу ауданында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері


Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар
Мемлекеттік білім беру тапсырысы (орын), оның ішінде қаржыландырылатын
Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын
Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)
республикалық нысаналы трансферттер есебінен
Жергілікті бюджет есебінен
республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге)
Жергілікті бюджет есебінен (теңге)
1
Балабақшалар (ауыл)
250
300
24356
34573
5000
2
Шағын орталықтар (ауыл)
300
25
16226
16757
4500
3
Балабақшалар (қала)
585
255
22586
24545
6000
4
Шағын орталықтар (қала)
75
50
15226
13595
4500

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады