Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы әкімдігінің 13.03.2018 № 10/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Бірқатар функцияларды беру туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 13/07 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.2. "Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 53/01 қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Әбдібеков |
Тел.+7/7212/ 41-05-71
Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамыр № 26/04 қаулысымен бекітілген |
"Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстың елді мекендері шегінде энергетика, коммуналдық, тұрғын үй, су және газ шаруашылығы салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген заңнамалық тәртіпте "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен рәсімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100008, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Әлиханов көшесі, 13.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Карагандинской области".
10. Осы Ереже "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.11. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Егер "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістерін әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жолданады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен қызметтері
14. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі миссиясы – отын-энергетикалық секторды дамыту арқылы энергия ресурстарда өңірдің өсіп отыратын экономикалық қажеттіліктерін және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу, облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға ықпал ету.
15. Міндеттері: энергетика, коммуналдық, тұрғын үй, су және газ шаруашылығы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттілігі аясында мемлекеттік реттеу және бақылау.
16. Функциялары:
облыстың энергетикалық кешенін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саясатының бағыттары бойынша облыстық нысаналы бағдарламалары мен іс-шараларын, жоспарларын әзірлеуге, қалыптастыруға және оларды жүзеге асыруға қатысады;
бюджеттік қаражаттар мен нысаналы трансферттерді жоспарлауға, таратуға қатысуды жүзеге асырады, жобалау-барлау жұмыстарына, күрделі және ағымдық жұмыстарды, инженерлік инфрақұрылым объектілерін қайта құруға арналған облыстың бюджетін қалыптастыруға ұсыныстар енгізеді;
облыстың энергетика, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығын (инженерлік коммуникациялық желілер, энергетика, коммуналдық, тұрғын үй, су, газ шаруашылығы объектілері) дамуына мониторинг жүргізеді және жағдайын талдауды жүзеге асырады;
облыстық энергетика қызметінің Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша құжаттамалар (мониторинг) жүргізеді;
құзыреті шегінде облыс энергетика кешенінің және облыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына, облыстың отын қоры мен мемлекеттік ресурстарын жасауға және тиімді пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады;
облыстың коммуналдық меншігіндегі су құбырыларын, тазалау ғимараттарын, жылу және электр желілерін, басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілерін қайта құру және пайдалану жұмыстарын ұйымдастырады;
бюджеттен қаржыландырылатын облыстың коммуналдық меншік объектілерін (бақтар, саябақтар, оралым ішін абаттандыру, су шаруашылығы) салу және қайта жаңарту туралы шешімдер қабылдайды;
өз құзыреті щеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралардың тиісті аумақты дамыту бағдарламасына қосылуын қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісімдер жасайды, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
мемлекеттік тапсырысқа сәйкес инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, қайта құру, күрделі және ағымдық жөндеу бойынша жұмыстардың мониторингісін жүргізуді іске асырады;
тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын әзірлейді;
тұрғын үй қорын сақтау және оларды тиісті түрде пайдалану бойынша кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметін бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
тұрғын үй қорын сақтау және оларды тиісті түрде пайдалану бойынша іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
ведомстволық бағынысты аумаққа орналастырылатын, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне берілетін жылу энергиясын өндіруге арналған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын келіседі;
жаңартылған энергия көздерін пайдалану бойынша қондырғыларды сатып алу үшін жеке тұтынушыларға мекенжайлық көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын, жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережесін әзірлеу және мәслихатқа бекітуге ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;
уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады;
уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;
тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларын пайдалану мен техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуі мен олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмысын бақылауды жүзеге асырады;
жылу желілеріндегі (магистралдық, ішкі кварталдық) технологиялық бұзылыстарды тексеруді жүргізеді;
жылу желілеріндегі (магистралдық, ішкі кварталдық) жоспарлы жөндеу жұмысын келістіреді;
барлық қуаттағы қазандықтар мен жылу желілерін (магистралдық, ішкі кварталдық) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындық паспорттарын беруді жүзеге асырады;
110 кВ және төмен, 220 кВ және жоғары нысандары үшін қайталайтын (шунттаушы) электр беру желілері мен кіші станциялары құрылысының техникалық мақсатқа сайлығы туралы қорытынды беруді ұйымдастырады;
коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы нысандарда (тұрғын үй қоры, көңіл көтеру, сауда және мейманхана кешендері) орнатылған қауіпті техникалық қондырғыларды (лифтілер, эскалаторлар, фуникулерлер) пайдаланатын ұйымдардың кондоминиум нысаны қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
0,07 мега Паскаль қысым немесе 115 Цельсий градусынан аса су қыздыру температурасы жағдайында жұмыс істейтін қауіпті техникалық қондырғыларды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарындағы жүк көтеру механизмдерін, эскалаторларды, канат жолдарын, фуникулерлерді, лифтілерді қауіпсіз пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының қауіпті техникалық қондырғыларын есепке қою және есептен шығаруды жүзеге асырады;
тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелері нысандарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
сұйытылған мұнай газын пайдалану нормаларын бекіту мәселелері бойынша облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды және бекітуге ұсынады;
елді мекендер үшін жерасты суларын іздестіру-барлау жұмысын ұйымдастырады және өткізеді;
есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін газбен, электрмен, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау коммуналдық қызмет көрсетулерінің нормаларын бекіту мәселелері бойынша облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды және бекітуге ұсынады;
табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік регистрінің жергілікті тарауына енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттелетін қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобасын) келістіреді;
құзыреті шегінде жетекшілік ететін салалар бойынша инвестициялық жобалардың салалық сараптамасын өткізу;
профилактикалық дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізуді ұйымдастырады (табиғи инфекциялық және паразитарлық аурулар ошақтары аумағынан, сол сияқты инфекциялық және паразитарлық аурулар ошақтарында дезинсекциялау мен дератизациялаудан басқа);
инновациялық технологиялық мен энергия үнемдеуді енгізу саласындағы жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асырады;
коммуналдық қалдықтардың жиналу мен жинақталу нормаларын есептеу тәртібін бекіту мәселелері бойынша облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды, сондай-ақ бекітуге ұсынады;
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға арналған нысаналы ағымдық трансферттер түріндегі ақшалай қаражаттарды аударуды іске асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізуді іске асырады;
"Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді іске асырады;
"Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланысты іске асырады;
жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметіне ішкі бақылауды жүргізуді жүзеге асырады;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын, қызметтік хат-хабарларды қарайды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан, ведомстваға қарасты және меншік түріне тәуелсіз лауазымды тұлғалардан, жүктелген қызметтерді орындау үшін қажетті ақпараттарды бекітілген тәртіпте сұрау және алу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүктелген функцияларға сәйкес жүргізілетін іс-шараларды жүзеге асыруға басшылықтың келісімімен басқа басқармалар мен ұйымдардың қызметкерлерін тарту туралы ұсыныс енгізеді;
облыс әкімі мен әкімдігінің қарауына "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына қатысты мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізеді;
тиісті министрліктер мен ведомстваларға республикалық деңгейде шешімі қамтамасыз етілетін "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты міндеттерді жүзеге асыруға байланысты ұсыныстар енгізеді;
белгіленген заңнамалық тәртіпте басқа да ұйымдармен өзара қатынастарды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына, функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
белгіленген лимит шегінде облыс әкімдігінің бекітуіне "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын, сонымен қатар олардағы өзгертулерді тапсырады;
ерекшеленген қызметкерлерін мадақтайды;
мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалысын бақылайды;
бұйрықтар шығарады, бөлімдер туралы ережені бекітеді;
облыс әкімі мен әкімдігінің бекітуіне актілер жобасын және облыстың тіршілік қызметіне қатысты басқа да қызметтік құжаттарды тапсырады;
Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетімен, облыс әкімі аппаратымен, министрліктермен, ведомствалармен, басқа да республикалық ұйымдармен, облыстық мәслихатпен, облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерімен, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпараттық құралдарымен және облыс тұрғындарымен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;
облыс әкімі мен әкімдіктерінің қабылданған актілерінің, облыс әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалысын бақылау мен тексеруді қамтамасыз етіп, ұйымдастырады;
өз құзыры шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;
облыс әкімінің, оның орынбасарлары мен облыс әкімі аппараты басшыларының тапсырмаларын орындайды;
"Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолдануға жеке жауапкершілікті мойнына алады;
"Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды ұйымдастыру және тарату
26. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.