Ескерту. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты әрекетін тоқтатты - (Қарағанды қалалық мәслихатының 01.06.2015 № 2-34/253 хаты).
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 22 бабы 2 тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1.
Қарағанды қаласында оқитындардың келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2015 жылдың ақпан, наурыз, сәуір, мамыр айларында жеңілдікпен жол жүруі белгіленсін:
1)
жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан (7 жастан үлкен) сегізінші сыныпқа дейін қоса алғанда білім алушыларына – билеттің толық құнының 50% төлеумен;
2)
жалпы білім беретін оқу орындарының тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейін қоса алғанда, күндізгі оқу нысанындағы, колледждер мен жоғары оқу орындарына оқитындарға белгілі күнтізбелік мерзімге арналған жеңілдікті ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетін сатып алумен.
2.
Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Мухтаров Жандил Ахуанович) жүктелсін.
3.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 ақпаннан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Сессия төрағасы |
В. Крючков |
Қалалық мәслихат хатшысы |
Қ. Оспанов |
Келісілді:
"Қарағанды қаласының білім |
Д. Жекебаев |
2015 жылғы 25 ақпан
"Қарағанды қаласының коммуналдық |
Е. Қысраунов |
2015 жылғы 25 ақпан