Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы V шақырылған XLVI сессиясының № 452 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 маусымда № 3236 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 27.09.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 Қаулысына сәйкес әзірленген және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 162 (1396) "Взгляд на события" газетінде, 2015 жылғы 8 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      9 тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы алынып тасталсын;

      9 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2) Чернобыль АЭС-дағы апат күні:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға;

      Чернобыль АЭС-дағы апат салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған балаларына, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына;

      сәуле ауруының немесе мүгедек болудың салдарынан қаза болған, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен Чернобыль АЭС-дағы апаттың ықпалына байланысты болған адамдардың отбасыларына;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен), қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғандағы тұлғаларға ұсынылады;";

      9 тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы алынып тасталсын;

      10 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3) жан басына шаққандағы орташа табыс ең төмен күнкөріс деңгейінің 0,6 еседен аспауы негіздеме болып табылады.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұқтаров) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Б. Кенжин

Қалалық мәслихат хатшысы

Қ. Оспанов


      КЕЛІСІЛДІ:

"Қарағанды қаласының

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі"

мемлекеттік мекемесінің басшысы

Ж. Ысқақов



      2015 жылғы 20 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады