Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі Ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Жезқазған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 04 ақпандағы "Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 03/03 қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары З.Д. Ақылбековаға жүктелсін
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | Б. Ахметов |
| Жезқазған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 05/02 қаулысымен бекітілген |
"Жезқазған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі бiлiмді дамыту аясында мемлекеттік саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтары мен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 100600, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жезқазған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мекеме функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда ондай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, фунциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: сапалы білім беру қызметін көрсету, білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.14. Міндеттері:
азаматтардың бiлiм алуға Конституциялық құқын қамтамасыз ету, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыктар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшін қажеттi жағдайлар жасау, демографиялық ерекшелiктердi ескере отырып мектепке дейiнгi, міндетті орта бiлiм беру саласында бiрiңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
окытудың жаңа технологияларьн еңгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу;
әр түрлi және көп функциялы бiлiм беру ұйымдарының тиiмдi дамуына жәрдемдесу;
балаларды, оқушы жастарды және бiлiм беру қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету;
қаланың бiлiм беру ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту, материалдық техникалық базасын қалыптастыру және дамыту;
жастарды тәрбиелеу саласында мемлекеттiк бiртұтас саясатты жүзеге асыру;
ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, бұндай балалардың және ата-ана қамқорлығы жойылуының нақты жағдайларына сүйенiп алғашқы есеп жүргiзу, балаларды орналастыру нысанын таңдау, бұндай жағдай боламағанда - жетiм балалар мен қамқорлықсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік мекемеге орналастыру;
кәмелетке толмаған балалардың хатталған мүлкiн қорғау үшін шаралар қолдану;
жетiм балалар және ата – ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін мемлекеттiк органдардың әрекеттерiне қадағалау үйлестiру және жүзеге асыру;
мемлекеттік қызметін керсету, мемлекеттiк қызметін көрсету бойынша мониторинг жүргiзу.
15. Функциялары:
мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балалардың есебiн жүргiзедi және олардың орта бiлiм алғанға дейiнгi оқуын ұйымдастырады;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қамқоршылық және қорғаушылық жасауды ұйымдастыру, оларды балалар үйлерiне немесе интернаттық ұйымдарға орналастырады;
меншiк нысандары мен ведомоствалық бағыныстылығына қарамастан жергiлiктi бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарында оқу – тәрбие үрдiсi мазмұнының мемлекеттік жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары талаптарына сәйкес келуiне уақытылы бақылау жасауды ұйымдастырады және оны өз кұзiретi шегiнде жүргiзiп отырады;
бiлiм мекемелерiнің аттестация комиссиясының шешiмiн бекiтедi;
мектепке дейiнгi, жалпы орта бiлiм беру мәселелерi бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық есеп берiп отырады;
педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру, қайта даярлау қабiлеттiлiк есебiн жүргiзудi жоспарлау және жүргiзу;
әдiстемелiк кабинет арқылы қалалық деңгейде оқу – тәрибелеу үрдiсiн әдiстемелiк қамтамасыздандыру;
бiлiм мекемелерiнiң қызметін сараптайды, алдағы уақытта олардың дамуына болжам жасайды, өз құзіретіндегі бiлiм мекемелерiнің озық педагогикалық жаңашылықтарын зерттейдi және таратады;
"Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі құзiретiне кiретiн мәселелер бойынша бiлiм Басқармасы, облыстық Департамент және Басқармалармен ақпараттық байланысты қамтамасыз етедi.
16. Құқықтары мен мiндеттерi;
өз функцияларын орындау мақсатында белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, мекемелерден, кәсiпорындардан және лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпаратты алуға;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметшiлерiн келiсiм бойынша мекеме құзiретiне жататын мәселелердi дайындауға қатыстыру, тиiстi ұсыныстар әзiрлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
мемлекеттік органдардың бiлiм саласында қызметін ұйымдастыруды жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзуге, мекеменiң құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық - талдау және өзге де материалдардық дайындауды жүзеге асыруға;
тиістi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғаларға мекеме қызметiнiң аясына жататын тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзетiн сұрактар туралы қатысуға ұсыныстар енгiзуге;
адам құқықтары мен өзге де сұрактар сақталған, бiлiм мәселелерi кұзiретiне кiретiн, бiлiм мекемесiнiң лауазымды тұлғаларына ұжымдық, әдестемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге.
3. Мемлекеттiк органның қызметін ұйымдастыру
17. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің басшылықты жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің мекеменiң бiрiншi басшысын Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке қала әкімімен тағайындалады және қызметтен босатады.
19. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
мекеменiң жұмысын ұйымдастырады;
өз қызметін бiрiңғай басшылық принципiмен атқарады және Қазақстан Республикасының Заңдары мен осы Ережеде белгiленген өзiнiң құзiретiне сәйкес мекеме мәселелерiн дербес шешедi;
мекмеме қызметкерлерінің және бiлiм беру ұйымдарының басшыларының функционалдық мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн бекiтедi;
мекеменiң алда тұрған және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекiтедi;
мекеме қызметкерлерiне марапаттау, көтермелеу шараларын және тәртiптiк жаза қолданады;
барлық қызметкерлер үшін орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады, нұскаулар бередi және қызметтiк кұжаттарға қол қояды;
жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мектепке дейiнгi тәрбие және білім беру ұйымдарының, мектептен тыс ұйымдар мен орта бiлiм беру ұйымдарының басшыларын конкурстық негiзде тағайындайды және қызметтен босатады;
азаматтармен жеке қабылдау жүргiзедi;
"Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенiм хатсыз iс әрекет етедi;
ұйымдарда, мекемелерде және меншiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорындарда мекеменiң мүддесiн корғайды;
шарттар жасасады;
сенiмхаттар бередi;
мекеменің iс-сапар, тағылымдар, республикалық және шет елдік оқу орталыктарында және бiлiктiлiктi көтерудiң басқа да түрлерi бойынша мекеме қызметкерлерiн оқытудың тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
Қазақстан Республикасы заңнамаларында, осы Ережеде жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
"Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
22. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн."Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырады.
23. "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жезқазған қаласының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі,өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.