Балқаш қаласы әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 02-ш "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 06- ш шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қарашада № 3504 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 01-ш шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімінің 28.12.2018 № 01-ш (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабына сәйкес, Балқаш қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Балқаш қаласы әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 02-ш "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3009 болып тіркелді, 2015 жылғы 04 наурызда № 24 (12274) "Балқаш өңірі" және № 24 (1345) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Қымбат Айдынович Байтурсыновқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімінің


міндетін атқарушы

Н. Мәжитов


  Балқаш қаласы әкімінің
  2015 жылғы 06 қарашадағы
  № 06-ш шешіміне қосымша


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады