"Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 40/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қарашада № 3520 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы N 18/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 12.05.2016 N 18/02 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығын басшылыққа ала отырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 37/23 "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Нурлан Анетович Мәжитовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Балқаш қаласының әкімі
А. Аглиулин

      

  Балқаш қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 22 қазандағы
№ 40/03 қаулысымен бекітілген

"Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Балқаш қаласы аумағында құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уалиханова көшесі, 5 үй, пошталық индексі: 100300.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел строительства города Балхаш".
      10. Осы Ереже "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы: құрылыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
      14. Міндеттері:
      1) тиісті аумақта құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатты өткізу;
      2) құрылыс саясатына, оңтайлы құрылыс салуды ұйымдастыруына және қаланың елді мекендерінде аумақтық даму құрылыстық шешімдерін тиімді іске асыруынаға байланысты жұмыстардың сапасын арттыру;
      3) ресурстық және технологиялық базасын қайта құру негізінде инфрақұрылымның және құрылыстың дамуына жәрдемдесу;
      4) әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын жеке тұрғын үй құрылысы аумағында ұйымдастыру;
      5) объектілерді жобалау үшін нормативтік-техникалық құжаттамалар базасын дамыту;
      6) қаланың елді мекендерін кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытуына ағымдағы және келешекті міндеттерін шешуге бағытталған жұмыстарды және құрылыстық бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастыру;
      7) құрылыс жобасын ұйымдастыру;
      8) құрылыстық құжаттаманың барлық шектес бөлімдерін үйлестіру;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
      15. Функциялары:
      1) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      2) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
      3) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
      5) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
      6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) меншік түріне қарамастан белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
      2) "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға, меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға жекелеген мәселелерді шешу жөніндегі материалдар әзірлеуді тапсыруға, өзіне тапсырылған функцияларға сәйкес "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізіп жатқан шараларды жүзеге асыруға олардың басшыларының келісімімен басқа басқармалар мен ұйымдардың қызметшілерін тарту туралы ұсыныстармен кіруге;
      3) белгіленген тәртіпте "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекеме жанынан мамандар санынан сараптамалық топтар құруға;
      4) қала әкімі мен қалалық мәслихаттың қарауына олардың құзыретіне жататын мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      5) жобадан шегінген, құрылыс нормалары мен ережелерін, техникалық талаптарды бұза отырып жүргізіліп жатқан өндіріс жұмыстарын тоқтата тұруға және жіберілген кемшіліктерді жоюды талап етуге құқылы;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Балқаш қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерiн таныстырады;
      2) "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауға жеке жауап береді;
      3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
      4) қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау мәселелерін шешеді;
      5) бөлім қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
      6) бюджеттік қаражаттардың нысаналы қолданылуына бақылауды жүзеге асырады;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдастырады;
      8) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады