2016 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 07-ш шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 желтоқсанда № 3530 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында, Балқаш қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылдың қаңтар-наурыз аралығында, тіркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын.
      2. Гүлшат және Саяқ кенттерінің әкімдері, ұйымдардың, оқу орындарының басшылары, пәтерлер меншік иелері кооперативтері "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларының 1 қосымшасына сәйкес 1999 жылы туған азаматтардың тізімін шақыру учаскесіне тіркеуден өту үшін беру ұсынылсын.
      3. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына әскерге шақыру жасына дейінгілердің медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде медициналық куәландыруды өту және құжаттарды жинау үшін жұмыстан, оқудан босату ұсынылсын.
      4. "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі (Б.А. Алишев) 2016 жылдың 15 сәуіріне дейін қала әкіміне 1999 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу қортындысы жөнінде ақпарат берсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі орынбасары Саягуль Жаксылыковна Жаксылыковаға жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Балқаш қаласының әкімі
А. Аглиулин

      
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қарағанды облысы Балқаш
      қалалық қорғаныс істері жөніндегі
      біріктірілген бөлімі" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      "26" қараша 2015 жыл
      _________________ Б.А. Алишев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады