"Қаражал қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 26 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 сәуірде № 3097 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 56 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 13.06.2018 № 56 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығын басшылыққа ала отырып, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қаражал қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Қаражал қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласының әкімі орынбасарының міндетін атқарушы М. Мұқашеваға жүктелсін.

      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қала әкімі

Қ. Шорманбаев



  Қаражал қаласы әкімдігінің
  2015 жылғы 12 наурыздағы
  № 26 қаулысымен
  бекітілген

"Қаражал қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қаражал қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) қала аумағында білім саласына басшылық пен үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданымдағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі: 100700, Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, 25 орам, 23 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Қаражал қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – Государственное учреждение "Отдел образования города Каражал".

      10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы: білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      14. Міндеттері:

      1) ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

      2) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;

      3) азаматтылыққа, патриоттыққа және өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге, конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

      4) әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне тарылу, қазақ халқының және республикамыздағы өзге де халықтардың тарихын, салт-дәстүрлерін білу, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру;

      5) білім беру ұйымдарының автономиялығын, дербестігін кеңейту, білім беруді басқаруды демократизациялау және орталықтандыру;

      6) білім беруді ақпараттандыру негізінде білім берудің жаңа технологияларын енгізу.

      15. Функциялары:

      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;

      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйым-дастыру;

      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, олары орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;

      4) арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру және балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныстар енгізу;

      5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінде қолдау және ықпал көрсету;

      6) мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізуді ұйымдастыру;

      7) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту бойынша ұсыныстар енгізу;

      8) қалалық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;

      9) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;

      10) қала ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;

      11) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

      12) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;

      14) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізу;

      15) мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      16) білім беру мониторингін жүзеге асыру;

      17) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және олармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және олардың пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;

      18) қаланың мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;

      19) қаланың мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметке әдістемелік басшылық жасауды қамтамасыз ету;

      20) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды іске асыру.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік мекеменің құзырлығына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды, жеке және заңды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату және алу;

      2) ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін пайдалануға, мемлекеттік мекеменің құзырлығына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және барлық меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      3) қала әкімдігінің және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың отырыстарына қатысу;

      4) Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттері бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік мекеме жұмысына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;

      2) қала әкімдігіне мемлекеттік мекеменің ережесі мен құрылымын және олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;

      3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;

      4) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      6) шарттар жасайды;

      7) банктік шоттар ашады;

      8) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және шартта жұмысқа қабылдауды және және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар қабылдайды;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына жеке жауапкершілік жүктеледі;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады