Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына сәйкес, Қаражал қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1999 жылы туған ер азаматтарды "Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің Қарағанды облысы Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын.
2. Меншік нысанына және бағыныштылығына қарамастан Қаражал қаласының және Жәйрем кентінің кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары және оқу орындарының басшылары "Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің Қарағанды облысы Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесіне 1999 жылы туған, шақыру учаскесінде тіркеуге жататын азаматтардың тізімін белгіленген нысанда ұсынсын.
3. Жәйрем мен Шалғы кенттерінің әкімдері 1999 жылы туған жасөспірімдердің "Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің Қарағанды облысы Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінің комиссиясына ұйымшыл және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласының әкімі орынбасарының міндетің атқарушы М.Мұқашеваға жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаражал қаласының әкімі | Қ. Шорманбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің Қарағанды облысы Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы ____________ М. Бекетаев |
2015 жылғы 25 желтоқсан
"Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің Қарағанды облысының ішкі істер Департаментінің Қаражал қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
___________ А. Тәкібаев |
2015 жылғы 25 желтоқсан