"Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 07/14 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3038 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 15/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 14.04.2017 № 15/06 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Абай аудынының әкімі
С. Шайдаров

      

 
Абай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 07/14 қаулысымен
бекітілген

"Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудандық коммуналдық меншікті басқару, аудандық коммуналдық меншіктің пайдаланылуын бақылау саласындағы функцияларды іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
      5. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай қаласы, 100101, 3 ықшам ауданы, 43 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде:"Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел государственных активов и закупок Абайского района".
      10. Осы Ереже "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
      12. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтыры мен міндеттері

      13. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудандық куммуналды меншікті басқару.
      14. Міндеттері:
      1) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген басқа да міндеттер.
      15. Функциялары:
      1) өз құзіреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
      2) аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      3) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;
      4) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүлікті жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      5) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
      6) ауданның жергілікті атқарушы органы құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
      7) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту жұмыстарын ұйымдастыру ;
      8) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;
      9) коммуналдық меншікке айналған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте коммуналдық меншікке өтеусіз өткен иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, мәдени құндылықтарға жататын заттар жоқ азынардың үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
      10) аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушының міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      11) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді ұйымдастыру, оның ішінде жекешелендіру рәсімін ұйымдастыру үшін делдалды қатыстыру, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      12) ауданның мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды бақылау және талдау;
      13) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер әзірлейді;
      14) оған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан алу және сұрау;
      2) өз құзіретіне сәйкес аудан әкіміне, аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына коммуналдық меншікті мемлекеттік басқарудың, сондай-ақ "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға;
      4) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға, сәйкес іс шаралар жоспарын әзірлеуге, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша аумақтық іс-шаралар жоспарының міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етуге;
      5) "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзіретіне енетін мәселелер бойынша сотта талап-арыздық жұмыстарды жүзеге асыру;
      6) "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атына келіп түскен немесе қала әкімінің, орынбасарларының және қала әкімі аппараты басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қолданыстағы заңнамамен белгіленген мерзімде жауап әзірлеу және жолдау;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген шекте әкімнің және аудан әкімдігінің берген тапсырмаларын мүлтіксіз орындау үшін қажетті шараларды қабылдау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке аудан әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жазалар және көтермелеу шараларын қолданады;
      4) "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
      6) "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің таратылуы кезінде құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру үшін құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамағы сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақпарат кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салытаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Абай ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады