"Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 12/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 сәуірде № 3160 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 23/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 03.06.2016 № 23/03 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына, Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01/04 "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Ақтоғай ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Н.И. Омарханов

      

 
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 09 сәуірдегі
№ 12/01 қаулысымен бекітілген

"Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Егер "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100200, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 4 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары салаларында мемлекеттік саясатты және тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметін үйлестіру;
      инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
      жергілікті деңгейдегі жолдарды ұстау және жөндеу, қайта құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылау;
      апатты және көне тұрғын үйді бұзуды ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жеке категорияларын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
      кондоминиум нысандарының ортақ мүлкіне техникалық тексеруді ұйымдастырады;
      кондоминиум нысандарының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімі мен кезегін анықтайды;
      кондоминиум нысанын басқару органы ұсынған кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге тұрғын үй көмегінің қатысы бар шығындар сметасына келісім береді;
      кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады.
      15. Функциялары:
      ауданның энергетикалық кешенінің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, сумен жабдықтау, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдарын дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламалар әзірлеу;
      меншік нысанына қарамастан коммуналдық кешеннің кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру;
      жылу беру көздерінің, жылу, су, кәріз құбырлары мен электр желілерінің, жолаушыларды тасымалдау кешендерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету және аудан тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметтермен қанағаттандыруға бағытталған жұмыс кешенін үйлестіру;
      тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының, тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандарының қысқы маусымға дайындауға қажетті жұмыс көлемін, қаржыландыру көздерін анықтау, инвестиция тарту, бюджеттік несиелендіру іс-шараларын үйлестіру;
      өз құзыреті шегінде инженерлік инфрақұрылым нысандарын пайдалану және аудан тұтынушыларын коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуына бақылау жасау;
      Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдармен, қаланы құрайтын және тағы басқа кәсіпорындар мен ұйымдармен, сонымен қатар мекемелермен бірлесе әрекет ете отырып аудан және елді-мекендер аумақтарын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын үйлестіру;
      пәтер иелері кооперативтерімен, үй комитеттерімен, кондоминиум нысанын және басқа да басқару нысандарына қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін әдістемелік жұмыстар жүргізу;
      энергияны үнемдеуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу, энергия үнемдеуге бағытталған жаңа технологияларды енгізу;
      тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарында) жылу, энергия, газ және су ресурстарын жалпы үйге есепке алу құралдарының болуын бақылауды жүзеге асыру;
      кондоминиум нысанының үй-жай меншік иелерінің ортақ мүлік пен және инженерлік қондырғылардың техникалық жағдайына, нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстауына және жөндеу жұмыстарының уақытында жүзеге асырылуына бақылауды жүзеге асыру;
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;
      аудан территориясындағы тасымалдауды жүзеге асыратын және меншік формасына қатысты емес жолаушыларды тасымалдау кәсіпорыны жұмысын, шартта қарастырылған функцияларды орындау, тарифтерді сақтаумен жүкті және жолаушылар тасымалдау ережесін орындауды мониторингісін жүзеге асырады;
      жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды ұйымдастырып өткізеді;
      жергілікті деңгейдегі жолдардың құрылысы, жөндеуі және күтімі бойынша жұмыстар ұйымдастырады;
      тұрғын үй инспекциясының қызметтік тұлғаларымен кондоминиум нысанының жалпы мүлігіне тексеріс жүргізеді;
      тұрғын үй көмігінің қатысуымен қаржыланатын, басқарма органымен берілген кондоминиум нысаны, кондоминиум нысанының жалпы мүлігіне күрделі жөндеудің жеке түрлерін өткізуге смета шығындарын келісу.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардан, аудандық комитеттер мен басқармалардан, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұрастыруға және алуға;
      өз құзыреті шегінде "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген функцияларға сәйкес, іс-шараларды жүзеге асыру және өз құзіреті шегінде жекелеген сұрақтарды шешу мақсатында меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарға материалдарды дайындауды тапсыруға, басқа басқармалар мен ұйымдар басшыларының келісімімен олардың қызметкерлерін тарту жөнінде ұсыныстармен шығуға;
      аудан әкіміне, әкімдігіне және аудандық мәслихатқа өз құзыретіне қатысты сұрақтарды шешу жөнінде ұсыныстар беруге;
      облыстық және республикалық деңгейлерде шешілетін сұрақтарға байланысты сәйкес ведомстваларға ұсыныстар енгізуге;
      өз құзыреті шегінде басқару органдарына, кәсіпорындар мен ұйымдарға жүзеге асыру үшін әдістемелік нұсқаулар мен түсіндірмелер жасауға;
      белгіленген тәртіп бойынша құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындар басшылары мен мамандарын тарта отырып, жиналыстар өткізуге;
      мекеменің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша сотта талапкер, жауапкер және үшінші жақ болуға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Ақтоғай ауданының әкімі "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      өз құзыреті шегінде "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мамандарының міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілейді;
      заңнамаға сәйкес "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      заңдарда белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі актілеріне қол қояды;
      "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің переспективалық жұмыс жоспарларын бекітеді;
      мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан әрекет етеді;
      "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады