"Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 08/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3032 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 11/61 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 13.04.2016 № 11/61 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бейсембайұлы Құсайынға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Н. Кобжанов

      

 
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 08/05 қаулысымен бекітілген

"Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Бұкар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – мемлекеттік мекеме) бiлiмді дамыту аясында мемлекеттік саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. Мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімімен бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100400, Қарағанды облысы, Бұкар жырау ауданы, Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі, 60 А.
      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мекеме функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда ондай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірістеріне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, фунциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мемлекеттік мекемесінің миссиясы: сапалы білім беру қызметін көрсету, білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      азаматтардың бiлiм алуға Конституциялық құқығын қамтамасыз ету, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыктар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшін қажеттi жағдайлар жасау, демографиялық ерекшелiктердi ескере отырып мектепке дейiнгi, міндетті орта бiлiм беру саласында бiрiңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
      бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
      окытудың жаңа технологияларын еңгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу;
      әр түрлi және көп функциялы бiлiм беру ұйымдарының тиiмдi дамуына жәрдемдесу;
      балаларды, оқушы жастарды бiлiм беру қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету;
      қаланың бiлiм беру ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту, материалдық техникалық базасын қалыптастыру және дамыту;
      жастарды тәрбиелеу саласында мемлекеттiк бiртұтас саясатты жүзеге асыру;
      ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, бұндай балалардың және ата-ана қамқорлығы жойылуының нақты жағдайларына сүйенiп алғашқы есеп жүргiзу, балаларды орналастыру нысанын таңдау, бұндай жағдай боламағанда - жетiм балалар мен қамқорлықсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік мекемеге орналастыру;
      анықталған тәртiпте мүмкiндiгi шектеулi немесе ақылдан адасқан немесе есi ауысқан деп танылған тұлғалардың, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың, кәмелет жасқа толмағандардың мүлкiн хаттауды жасау, сонымен қатар денсаулық жағдайы бойынша өз құқықтарын еркiн қорғай алмаған және өз мiндеттерiн орындай алмайтын, анықталған тәртiпте қаза болған немесе хабарсыз кеткен және кәмелетке толмаған тұлғалардың мүлкiн хаттау;
      кәмелетке толмаған балалардың хатталған мүлкiн қорғау үшін шаралар қолдану;
      жетiм балалар және ата – ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін мемлекеттiк органдардың әрекеттерiне қадағалау үйлестiру және жүзеге асыру;
      мемлекеттік қызметін көрсету, мемлекеттiк қызметін көрсету бойынша мониторинг жүргiзу.
      15. Функциялары:
      кешкі (ауысымды) оқу нысанын және ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
      білім алушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
      мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiтедi;
      мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балалардың есебiн жүргiзедi және олардың орта бiлiм алғанға дейiнгi оқуын ұйымдастырады;
      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қамқоршылық және қорғаншылық жасауды ұйымдастыру, оларды балалар үйлерiне немесе интернаттық ұйымдарға орналастырады;
      меншiк нысандары мен ведомоствалық бағыныстылығына қарамастан жергiлiктi бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарында оқу – тәрбие үрдiсi мазмұнының мемлекеттік жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары талаптарына сәйкес келуiне уақытылы бақылау жасауды ұйымдастырады және оны өз кұзiретi шегiнде жүргiзiп отырады;
      мектепке дейiнгi, жалпы орта бiлiм беру мәселелерi бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық есеп берiп отырады;
      педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру, қайта даярлау қабiлеттiлiк есебiн жүргiзудi жоспарлау және жүргiзу;
      әдiстемелiк кабинет арқылы қалалық деңгейде оқу – тәрибелеу үрдiсiн әдiстемелiк қамтамасыздандыру;
      бiлiм мекемелерiнiң қызметін сараптайды, алдағы уақытта олардың дамуына болжам жасайды, өз құзіретіндегі бiлiм мекемелерiнің озық педагогикалық жаңашылықтарын зерттейдi және таратады;
      мемлекеттік мекемесі құзiретiне кiретiн мәселелер бойынша бiлiм Басқармасы, облыстық Департамент және Басқармалармен ақпараттық байланысты қамтамасыз етедi;
      жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен мiндеттерi:
      өз функцияларын орындау мақсатында белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, мекемелерден, кәсiпорындардан және лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпаратты алуға;
      мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметшiлерiн келiсiм бойынша мекеме құзiретiне жататын мәселелердi дайындауға қатыстыру, тиiстi ұсыныстар әзiрлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
      мемлекеттік органдардың бiлiм саласында қызметін ұйымдастыруды жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзуге, мекеменiң құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық - талдау және өзге де материалдардық дайындауды жүзеге асыруға;
      тиістi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғаларға мекеме қызметiнiң аясына жататын тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзетiн сұрақтар туралы қатысуға ұсыныстар енгiзуге;
      адам құқықтары мен өзге де сұрақтар сақталған, бiлiм мәселелерi кұзiретiне кiретiн, бiлiм мекемесiнiң лауазымды тұлғаларына ұжымдық, әдестемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге.

3. Мемлекеттiк мекеменің қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекемесінің басшылықты жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке аудан әкімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      мекеменiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жүргізеді және мекемеге жүктелген тапсырмалардың орындалуына дербес жауапты болады;
      өз қызметін бiрiңғай басшылық принципiмен атқарады және Қазақстан Республикасының Заңдары мен осы Ережеде белгiленген өзiнiң құзiретiне сәйкес мекеме мәселелерiн дербес шешедi;
      мекемеме қызметкерлерінің және бiлiм беру ұйымдарының басшыларының функционалдық мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн бекiтедi;
      мекеменiң алда тұрған және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекiтедi;
      мекеме қызметкерлерiне марапаттау, көтермелеу шараларын және тәртiптiк жаза қолданады;
      барлық қызметкерлер үшін орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады, нұскаулар бередi және қызметтiк кұжаттарға қол қояды;
      жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мектепке дейiнгi тәрбие және білім беру ұйымдарының, мектептен тыс ұйымдар мен орта бiлiм беру ұйымдарының басшыларын конкурстық негiзде тағайындайды және қызметтен босатады;
      азаматтармен жеке қабылдау жүргiзедi, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ісшараларды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
      мекеме атынан сенiмхатсыз iс әрекет етедi;
      ұйымдарда, мекемелерде және меншiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорындарда мекеменiң мүддесiн корғайды;
      шарттар жасасады;
      сенiмхаттар бередi;
      мекеменің iс-сапар, тағылымдар, республикалық және шет елдік оқу орталыктарында және бiлiктiлiктi көтерудiң басқа да түрлерi бойынша мекеме қызметкерлерiн оқытудың тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
      Қазақстан Республикасы заңнамаларында, осы Ережеде жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкi

      22. Мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Мемлекеттік мекемесі мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырады.
      23. Мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады