Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Жаңаарқа ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қанат Шубайұлы Қожықаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Омаров |
| Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 20/01 қаулысымен бекітілген |
"Жаңаарқа ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі бiлiмді дамыту аясында мемлекеттік саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімімен бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Абай көшесі, 37 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мекеме функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда ондай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірістеріне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, фунциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: сапалы білім беру қызметін көрсету, білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.14. Міндеттері:
аудан азаматтарының білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
ауданда білім беру жүйесінің қызмет етуін мемлекеттік қамтамасыз ету және оны өзгеріп жатқан қоғамның қажеттіліктеріне және қоғамның дамуының жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сәйкес әлеуметтік қорғау;
білім берудің аймақтық жүйесін қаржылық қамтамасыз етуін талдау, білім саласында мақсаттық бағдарламаларды қаржыландыру сұрақтары бойынша аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептер құрастыру, орта мерзімді мемлекеттік салалық және аймақтық бағдарламалардың өңделу сатысында инвестициялық ұсыныстарды енгізу арқылы білім саласында мемлекеттік қаржылық, инвестициялық, инновациялық саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз ету;
15. Функциялары:
білім мекемелерінің құрылуы, қайта құрылуы және жойылуы туралы ұсыныстарды белгіленген тәртіппен Жаңаарқа ауданының әкімдігіне енгізеді;
мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алуына дейінгі оқуын және тәртібін ұйымдастырады;
мектеп алды даярлық, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, негізгі орта, кешкі (ауысымды) оқытуды және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы жалпы орта білімді қосқанда, жалпы орта білім беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
балалар үшін қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
оқушылардың ұлттық біріңғай тестілеуіне қатысуын ұйымдастырады;
жалпы білімдік пәндер бойынша аудандық, мектептік олимпиадалардың өткізілуін ұйымдастырады;
ата – анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қорғаншылық және қамқоршылықты ұйымдастырады, оларды балалар үйіне немесе интернаттық ұйымдарға анықтайды;
ата – анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, белгіленген тәртіпте, мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте, оқушылардың жеке санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұйымдастырады;
білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендерін сатып алу мен жеткізілуін қамтамасыз етеді;
"Жаңаарқа ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің заңды актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативті – құқықтық актілеріне сәйкес негізгі қызметі мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті іс – шараларды құрастырып, іске асырады және өткізеді.
16. Құқықтары мен мiндеттерi:
өз функцияларын орындау мақсатында белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, мекемелерден, кәсiпорындардан және лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпаратты алуға;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметшiлерiн келiсiм бойынша мекеме құзiретiне жататын мәселелердi дайындауға қатыстыру, тиiстi ұсыныстар әзiрлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
мемлекеттік органдардың бiлiм саласында қызметін ұйымдастыруды жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзуге, мекеменiң құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық - талдау және өзге де материалдардық дайындауды жүзеге асыруға;
тиістi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғаларға мекеме қызметiнiң аясына жататын тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзетiн сұрақтар туралы қатысуға ұсыныстар енгiзуге;
адам құқықтары мен өзге де сұрақтар сақталған, бiлiм мәселелерi кұзiретiне кiретiн, бiлiм мекемесiнiң лауазымды тұлғаларына ұжымдық, әдестемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге.
3. Мемлекеттiк органның қызметін ұйымдастыру
17. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке аудан әкімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
мекеменiң жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жүргізеді және мекемеге жүктелген тапсырмалардың орындалуына дербес жауапты болады;
өз қызметін бiрiңғай басшылық принципiмен атқарады және Қазақстан Республикасының Заңдары мен осы Ережеде белгiленген өзiнiң құзiретiне сәйкес мекеме мәселелерiн дербес шешедi;
мекеме қызметкерлерінің және бiлiм беру ұйымдарының басшыларының функционалдық мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн бекiтедi;
мекеменiң алда тұрған және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекiтедi;
мекеме қызметкерлерiне марапаттау, көтермелеу шараларын және тәртiптiк жаза қолданады;
барлық қызметкерлер үшін орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады, нұскаулар бередi және қызметтiк кұжаттарға қол қояды;
жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мектепке дейiнгi тәрбие және білім беру ұйымдарының, мектептен тыс ұйымдар мен орта бiлiм беру ұйымдарының басшыларын конкурстық негiзде тағайындайды және қызметтен босатады;
азаматтармен жеке қабылдау жүргiзедi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ісшараларды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
мекеме атынан сенiмхатсыз iс әрекет етедi;
ұйымдарда, мекемелерде және меншiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорындарда мекеменiң мүддесiн корғайды;
шарттар жасасады;
сенiмхаттар бередi;
мекеменің iс-сапар, тағылымдар, республикалық және шетелдік оқу орталықтарында және бiлiктiлiктi көтерудiң басқа да түрлерi бойынша мекеме қызметкерлерiн оқытудың тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
Қазақстан Республикасы заңнамаларында, осы Ережеде жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
"Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
22. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн."Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырады.
23. "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жаңаарқа ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.