"Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 22/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 3148 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі N 37/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 22.04.2016 № 37/05 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының басшысы Қанат Шубайұлы Қожықаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Ғ. Омаров

      

 
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 22/01 қаулысымен
бекітілген

"Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде ауылшаруашылығы саласындағы бірынғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы, 5 үй, 1 ішкі үй-жай.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Жанааркинского района".
      11. Осы Ереже "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі миссиясы:
      аграрлық сектордың даму концепцияларын, жобалау тенденцияларын талдауын жүзеге асыру және оның келешегін анықтау және нарықтық қарым-қатынас шарттарында ауданда аграрлы саясатты жүргізу.
      15. Міндеттері:
      1) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау;
      2) мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      3) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны аудандық жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
      3) тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;
      4) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу және тіркеу құжаты (телнұсқа) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;
      5) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға емтихан қабылдау және жүргізу құқығына куәліктер беру;
      6) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенім хат бойынша жүргізетін адамдарды тіркеу;
      7) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;
      8) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
      9) ауыл шаруашылығы саласы бойынша субсидияларды алу жөнінде ақпарат дайындау, жеке және заңды тұлғалардан тиісті құжаттарды қабылдау;
      10) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
      11) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      12) қатынаста әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламалар нәтижесіне жету және орындау, жаңару, жоспарлау;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 19.01.2016 № 04/02 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз функцияларын орындау мақсатында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұрау және алу;
      2) өз құзырына жататын мәселелерді шешуді қарау жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
      3) шаруа (фермер) қожалықтары және басқа да ауыл шаруашылық құрылымдарына қажетті жағдайда әдістемелік, ұйымдастырушылық, экономикалық, және құқықтық көмек көрсетуге;
      4) мемлекеттік мекеменің міндетіне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпке сәйкес семинарлар, кеңестер, жиналыстар өткізуге;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдаланады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, нұсқаулар шығарады және "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі барлық құрылымдық бөлімшелерімен орындалуға міндетті нұсқаулар береді, келісім-шарттарды жасайды;
      2) "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдер туралы Ережені бекітеді;
      3) мемлекеттік мекеме қызметшілерін жұмысқа тағайындайды және жұмыстан босатады, олардың міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды;
      4) заңнамаға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан шығуға өкілетті;
      5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкіміне бекітілген тәртіпке сай шешімдер мен қаулылар жобасын ұсына алады;
      6) заңмен белгіленген тәртіппен "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      7) құжаттардың орындау барысын ұйымдастырады және бақылауын жүргізеді, олардың сақтығына жауап береді;
      8) сыбайлас жемқорлықтың барлық түріне қарсы әрекет жасау жұмыстарын ұйымдастырады;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалатын әрекетке жеке басы жауапты;
      10) басқа да құқықтары бар, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес жаупкершілік атқарады.
      "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      21. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiкті өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады