Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы " Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы", 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 "Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Жарлықтарына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Нұра ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 қаңтардағы № 02/01 "Мемлекеттік органдардың Ережелерін бекіту туралы" қаулысының 1 тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын.
Ескерту. Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 12.01.2006 № 02/01 қаулысы РҚАО-ға түскен жоқ.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімі аппаратының басшысы Салтанат Аққошқарқызы Мұқановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Бексұлтанов |
| Нұра ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 03/05 қаулысымен бекітілген |
"Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлеметтік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ведомстволар жоқ.
3. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы бар мемлекеттік тілде мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100900, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кенті, Тәуелсіздік көшесі, 37/2 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ұлт алдында тұрған стратегиялық міндеттерді бірыңғай түсіну негізінде аудан тұрғындарын топтастыруға бағытталған қоғамдық келісім және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттілікті нығайтып, азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру, діни ағымдардың теңдігін қамтамасыз ету, мемлекет пен азаматтық сектордың келісілген әрекеттестігінің тиімді жүйесін қолдау болып келеді. Мемлекеттік ақпараттық және жастар саясатын жүзеге асыру болып табылады.15. Міндеттері:
1) ұлттың тұрақты дамуы үшін мемлекеттілікпен, халық бірлігін әрі қарай нығайтуын және қоғамның топтасуын қамтамасыз ету;
2) отандық ақпараттық кеңістіктің тұрақты дамуын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ету;
3) жастардың дамуына жағдай жасау және оларды ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді түрде тарту.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;
2) аймақта болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму тенденциясын жан-жақты және нақты зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
3) мемлекеттік ақпараттық саясаты іске асыру, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;
4) ауданда болып жатқан қоғамдық процестерді реттеу және талдау, әлеуметтік зерттеулерді, қоғамдық пікір сауалнамасын өткізу, әулеметтік шиеленісу ошақтарын анықтау, республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері жөнінде қоғамдық пікірді қалыптастыру;
5) ауданының жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
6) жастар және балалар бірлестіктерінің дамуына жәрдемдесу, қызметтерін үйлестіру және жастар ұйымдарының басқарудың атқарушы және өкілді ұйымдарымен өзара қатынасын қамтамасыз ету;
7) саяси партияларымен, ұлттық-мәдени бірлестіктерімен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдарымен байланысты жүзеге асыру ;
8) тұрғындар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру; Қазақстан Республикасынының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеу;
9) аудандағы отбасы-демографиялық жағдай мәселелері бойынша жұмыс жүргізу, Қазақстан Республикасында гендерлік және отбасы-демографиялық саясатының негізгі бағыцттары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеу;
10) әкімдіктің отырыстарына және аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары, аудан әкімі жанындағы кеңестерде қарастырылатын бөлімінің құзыретіне кіретін талдау жазбалары, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси процестердің тенденциясы мен динамикасы туралы ақппараттар, материалдарын дайындау;
11) өңірдегі саяси процестерді демократияландыру және ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған аудандық ғылыми- практикалық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;
12) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекетік органдардан, өзге ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұрау және алу;
2) өз құзіреттілігі шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшының өкілеттігі:
1) "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі мен құрылымын, сонымен қатар оларға енгізілетін өзгерістерді әзірлейді және аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады ;
2) "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына жеке жауап береді;
3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
4) қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
5) бөлімінің қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
6) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Нұра ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.