"Нұра ауданы Баршын ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 09/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 мамырда № 3221 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 13/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 06.05.2016 № 13/01 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Нұра ауданы Баршын ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімі аппаратының басшысы Салтанат Аққошқарқызы Мұқановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Қ. Бексұлтанов

      

 
Нұра ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 4 мамырдағы
№ 09/02 қаулысымен бекітілген

"Нұра ауданы Баршын ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Нұра ауданы Баршын ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ауыл әкімінің аппараты) ауыл әкімінің ақпараттық – талдау, ұйымдық – құқықтық және материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Ауыл әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Ауыл әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Ауыл әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Ауыл әкімінің аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Ауыл әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Ауыл әкімінің аппараты құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100907, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Баршын ауылы, Аблахатов көшесі, 15 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Нұра ауданы Баршын ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже ауыл әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Ауыл әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Ауыл әкімінің аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен ауыл әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер ауыл әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Ауыл әкімі аппаратының миссиясы: мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саясатты жүргізу.
      14. Міндеттері:
      1) аудан әкіміне ақпараттық және талдау сипатындағы құжаттарды дайындау;
      2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау және оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге уақытылы жолдау;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілерін іске асыру;
      4) заңнамамен жүктелген өзге де тапсырмаларды орындау.
      15. Функциялары:
      1) өтініштерді, хаттарды қарау және заңмен белгіленген тәртіпте жауаптар дайындау;
      2) мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
      3) мемлекеттік мекеменің сұрақтарына қатысты, қызметтік хат алмасуды жүргізу.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
      2) мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етеді;
      3) халықтың арасында өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Ауыл әкімінің аппаратына басшылықты ауыл әкімінің аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Ауыл әкімі аппаратының бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Ауыл әкімі аппаратының бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) ауыл әкімі аппаратының жұмыс жоспарларын бекітеді;
      2) ауыл әкімінің аппараты атынан әрекет етеді;
      3) сенімхаттарды береді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте ауыл әкімінің аппараты қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
      5) өз құзыреті шегінде өкімдер шығарады, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      6) ауыл әкімі аппаратының ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
      7) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
      10) коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.
      Ауыл әкімі аппаратының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      20. Ауыл әкімінің аппаратында заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      Ауыл әкімі аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Ауыл әкімінің аппаратына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, ауыл әкімінің аппараты, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Ауыл әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады