"Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № 14/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 наурызда № 3071 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 21/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 27.04.2016 № 21/03 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асылбек Серікұлы Молдабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
С. Аймақов

      

 
Осакаров ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 14/02 қаулысымен
бекітілген

"Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаров кенті, Достық көшесі, 33, индекс 101000.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемеге "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы:
      "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ауыл шаруашылығы жұмыстары жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      14. Міндеттері:
      агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу азық-түлік қауiпсіздiгін, агроөнеркәсіптік кешен өнiмi нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, кәсіпкерлiктің тиiмдi жүйесiн құру, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдау, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту жәнетехникалық жарақтандыру мен басқа да iлеспе қызмет салаларын қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
      1) аграрлық саясат саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, облыс және аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуына бақылау жасау;
      2) өндірісті әлеуетті тиімді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттыру, ауданның өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз етудің бағдарламаларын жасап, нұсқаулар дайындау;
      3) жерді тиімді пайдалануды жақсарту шараларының жасалып, іске асырылуына ықпал жасайды, егістік алқаптардың құрылымдарын жетілдіруге қатысады;
      4) аудан әкімі бекітілген, жылма-жыл көктемгі дала және егін орағын өткізу балансын дайындау;
      5) тұқым шаруашылықтарымен бірге меншіктің барлық нысанындағы ауылшаруашылық құрылымдарын, ауылшаруашылық дақылдарының элиталық және жоғарғы өнімді тұқыммен қамтамасыз етуге ықпал жасау;
      6) ауыл шаруашылығын өркендету бойынша индикативті жоспар жасауға қатысу;
      7) аудан бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
      8) топырақтың құнарлылығын арттыруға, дәнді-дақылдар шаруашылығын нығайтуға, мал шаруашылығы үшін мықты жемшөп базасын құруға бағытталған агротехникалық және ұйымдастыру-экономикалық іс-шараларды енгізу, әзірлеу және қамтамасыз ету;
      9) жануарлардың тұқым және өнім сапасын арттыру бойынша бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін көмек көрсету;
      10) шаруашылық құрылымдарда өртке қарсы, техника қауіпсіздігінен, еңбекті қорғау бойынша төтенше жағдайдан, табиғат апаттарынан ауылшаруашылық өндірушілеріне сақтандыру қорғауына бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      11) бюджеттік емес көздерден инвестицияны тарту мақсатында агроөндірістік комплекстің мемлекеттік және мемлекеттік емес секторын бірлесуі үшін іс-шаралар жоспарын дайындау;
      12) аудан бойынша тұқым балансын құру;
      13) тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрi – машиналар) тіркеу, кепілге қою келісім шарттарын тіркеу, техникалық байқау жүргізу, емтихан қабылдап олардың жүргізушілеріне тракторист-машинистер куәлігін беру, машиналар жүргізушілердің сенім хатын тіркеу, ауыртпалықтың болмауы (болмауы) туралы ақпарат беру;
      14) ауыл шаруашылық мәдениет тұқым аумағында ауыл шаруашылық құзырет ақпаратын өкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету;
      15) ауыл шаруашылық сұрағы бойынша аудан әкімдігі отырысына ақпараттарды дайындауға қатысу;
      16) мемлекеттік мекеменің құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық мәліметтер қалыптасу базасын жинақтау қалыптасу бойынша жұмысты жүзеге асыру;
      17) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша сәйкесінше органдармен ақпараттық және ұйымдастыру байланысын қамтамасыз ету;
      18) көктемгі-дала жұмыстарының, жемшөп дайындаудың және егін жинаудың оперативті жұмыс жоспарларын құру;
      19) ауыл шаруашылығы саласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ақпарат әзірлеу;
      20) мемлекеттік селолық аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәселелері бойынша қажетті ақпараттар сұрауға және алуға;
      2) міндеттерді жүзеге асыруға байланысты шешімін табу облыстық және республикалық деңгейде қамтамасыз етілетін ұсыныстарды жоғары тұрған органдардың қарауына енгізуге;
      3) заңнамаға сәйкес "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда “Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      2) "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмысын басшылық етеді және ұйымдастырады;
      3) "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмыс регламентін бекітеді;
      4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша “Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғаларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      8) “Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      9) өз құзыретінің шегінде қаржылық және қызметтік құжаттарды шығарады;
      10) аудан әкімінің тапсырмаларын орындайды;
      11) азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді;
      12) сенімхаттар береді;
      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;
      14) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      20. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады