Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 27.04.2016 № 21/03 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлына Ламбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Аймақов |
Осакаров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 16/03 қаулысымен бекітілген |
"Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және cпорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтіледi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101000, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Целинная көшесі, 3а.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқару мен салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
14. Міндеттері:
1) аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;
2) бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан аудан құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық және республикалық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
3) Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тестінің орындалу жұмыстарын бақылау және ұйымдастыру.
15. Функциялары:
1) аудан әкімдігіне жеке тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылым құру ұсыныстарын жасайды;
2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстар өткізеді;
3) спорт түрлері бойынша ауданның құрама командасын дайындайды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
4) аудан аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
5) спортшыларға: разрядтарын береді: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшылары, 1-жасөспірімдік- разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
6) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
7) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесiн іске асырады;
8) аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
9) аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде жергілікті атқарушы органына ұсынады;
10) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерінен аудандық құрама командалардың тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
11) спорт ұйымдарына әдістемелік және кеңес беру көмегін көрсетеді;
12) дене шынықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бірлестіктер дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізеді, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттырады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын, бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелерін реттейтін бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалық-әдіскерлік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) конференциялар, семинарлар және тағы басқа оқыту түрлерін ұйымдастыру және өткізуге қатысу және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мамандарымен тәжірибе алмасу;
3) дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша мәліметтерді талдау және жоғарыда тұрған органдарға ұсыну;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасымен сәйкес басқа құқықтар мен міндеттерін атқарады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Осакаров ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мекеме қызметін ұйымдастырады және басқарады;
2) тікелей аудан әкіміне бағынады және мекемеге жүктелген функцияларды орындауға жауапты;
3) дара басшылық қағидасында әрекет жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және осы ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеменің қызметін мәселелерін өз еркімен шешеді;
4) өз құзіреті шегінде мекеменің қызметшілерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
5) өз құзіреті шегінде барлық қызметшілерге міндетті бұйрық шығарады және нұсқау береді;
6) қызметшілерге ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза береді;
7) қызметшілердің өкілеттіліктерін анықтайды;
8) жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
9) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу мақсатында атқарушы органдардан белгіленген тәртіпте материалдарды сұрайды және алады;
10) мүдделі мекемелерді тартумен мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жиналыс шақырады;
11) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
12) барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
13) келісімдер жасайды;
14) сенімхаттар береді;
15) мекеменің іс-сапарлар, тәжірибе алмасу, республикалық және шет елдік оқу орталықтарына және біліктілікті көтерудің басқа да түрлері бойынша мекеме қызметшілерін оқытудың және біліктіліктерін арттырудың тәртібі мен жоспарын бекітеді;
16) Қазақстан Республикасының заңнамаларында, осы Ережеде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.